2021 жылдың қаңтар-ақпанында Бурабай ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің есеп беру кездесулерінде тұрғындар айтқан ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау (2021 жылғы 27.12. жағдай бойынша)

Бурабай ауданы әкімдігінің

2021 жылғы «___»_________          №______________өкімімен бекітілді

                                                             

 

2021 жылдың қаңтар-ақпанында

Бурабай ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің есеп беру кездесулерінде

тұрғындар айтқан ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша

іс-шаралар жоспарын орындау

(2021 жылғы 27.12. жағдай бойынша)

 

№

п\п

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Орындалуына жауаптылар

Қаржыландыру көздері

Ескертпе

1.       

Щучинск қаласындағы Набережная көшесі 79 бойынша ауланы абаттандыру туралы

 

 

2021 жылдың            01 қарашасына дейін

 

«Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкімінің аппараты» ММ

 

Аудандық  

бюджет

Орындалды

Набережная көшесі 79-ғы ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталды. Мердігер «Алматыгорсвет» АҚ-мен жасалған шарттар бойынша жобаның құны 100 126,579 мың теңгені құрады. Жобаны іске асыру 2020 жылы басталды. Геодезиялық бөлу, ескі асфальт жабынын демонтаждау, тік жоспарлау, өтпе жолдар мен алаңдарды асфальт жабу, борт тасын орнату; нөсер кәрізін, кеспе тастарды, сыртқы электр жарығын орнату, жасыл аймақтарды қоршау, жасанды шөптен жабу, спорт және балалар алаңдарын орнату, мафтар орнату бойынша жұмыстар орындалды.

2.       

Щучинск қаласындағы                М. Ғабдуллин көшесінің бойындағы жолға жөндеу жүргізу туралы

2021 жылдың            01 қарашасына дейін

«Бурабай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ,

«Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкімінің аппараты» ММ

 

Облыстық бюджет           

Орындалды

Бүгінгі күні М. Ғабдуллин көшесінің орташа жөндеуі аяқталды. 1,1 км жол жөнделді.

3.       

Қатаркөл ауылындағы Досов атындағы орта мектепке жөндеу жүргізу туралы

 

2021 жылдың            01 желтоқсанына дейін

«Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ, «Бурабай ауданының Қатаркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

 

Облыстық бюджет           

 

Орындалды

Қатаркөл ауылының Досов атындағы орта мектептегі жөндеу жұмыстары 100% орындалды. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне 10.11.2021 жылы қол қойылды.

Жұмыстарды Өскемен қаласының «SCS Инжинринг» ЖШС -мен  305 млн. теңге сомасына жүргізілді.

4.       

Веденовка ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту туралы

2022 жылдың            01 қазанына

дейін

«Бурабай ауданының құрылыс бөлімі» ММ, «Бурабай ауданының Веденов ауылдық округінің аппараты» ММ

Аудандық  

бюджет

Орындауда

Веденовка ауылында сумен жабдықтау мәселесін шешу үшін 2020 жылы суды зертханалық зерттеу, геологиялық және топографиялық жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтуде. Оны алғаннан кейін Ақмола облысының энергетика басқармасына ҚМЖ-ға бюджеттік өтінім жіберілетін болады.

5.       

Атамекен ауылында автобус аялдамасын салу туралы

 

2021 жылдың            01 қарашасына дейін

«Бурабай ауданының Атамекен ауылдық округінің аппараты» ММ

 

Жергілікті  бюджет

Орындауда

Атамекен ауылында автобус аялдамасын салу үшін 1 437,2 млн.теңге сомасына ЖСҚ әзірленді. Ақмола облысы Бурабай ауданының Атамекен ауылындағы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесіндегі көше-жол желісін орташа жөндеу» ЖСҚ дайындауға жер учаскелерін ресімдеудің кешіктірілуіне және қаражатты қайта бөлуге байланысты аялдама құрылысының мерзімі 2022 жылдың мамырына ауыстырылды.

 

Барлығы: 5 ұсыныс

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 декабря 2021