Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Жеке және заңды тұлғалардан (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініштерді қабылдау:
1) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) портал арқылы – 1 жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 3 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бұдан әрі – нөмірлік белгі) беру немесе машиналарды есептен алу туралы тіркеу құжатындағы белгі немесе машинаны уақытша тіркеу туралы анықтама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік баждар мен алымдардың мөлшері:
1) машинаға тіркеу құжатын беру үшін – 0,5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) машинаға нөмірлік белгі беру үшін – 1 АЕК;
3) тіркеу (қайта тіркеу) үшін – 0,25 АЕК.
Порталда мемлекеттік баждар мен алымдарды төлеу "электрондық үкімет" порталының төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

машиналарды тіркеу кезінде:
1) өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері;
 4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат;
 5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12565 болып тіркелген) бекітілген өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдердің (тауарлардың) тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат;
6) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме);
7) жаңа және жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген машиналарға арналған Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты немесе олардың Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен бекітілген "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының және оларға арналған тіркемелердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (бұдан әрі – техникалық регламент) 6-бабына сәйкестігін растайтын басқа да құжат;
машиналарды тіркеу есебінен шығару кезінде (кәдеге жаратудан, жарамсыз деп танудан, есептен шығарудан, машинаны қызмет көрсетілетін аумақтан тыс жерге көшіруден басқа, сондай-ақ машинаны иеліктен шығару жөніндегі мәміленің алдындағы іс-қимылдар жағдайында):
1) өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері;
4) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме);



 

Дата публикации
28 сентября 2021