Бурабай аудандық мәслихат депутатының мандатын беру және Бурабай аудандық мәслихат депутаты С. Б. Қасенованың тіркелуі туралы хабарлама
2021 жылғы 28 шілдеде Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Бурабай аудандық мәслихат депутатының мандатын беру және Бурабай аудандық мәслихат депутаты С.Б. Қасенованы тіркеу туралы"қаулы қабылданды.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 111-1 бабының 6 тармағына сәйкес және "Ауыл "халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының кезектен тыс конференциясының 2021 жылғы 23 шілдедегі хаттамасынан үзінді көшірме негізінде Щучинск қаласында тұратын "Бурабай Эко-Сервис" ЖШС директоры, 1969 ж.т. Касенова Светлана Базкеновна Бурабай аудандық мәслихатының депутаты болып тіркелсін.
Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы