Бурабай ауданы бойынша ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2021 жылғы 10 шілдеге                                                                                          Бурабай ауданы бойынша ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

 

2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Бурабай ауданы бойынша төрт сайлау округінде барлығы 13 кандидат, оның ішінде               6-ы (46,16%) саяси партиялармен, 7-і (53,85 %) өзін-өзі ұсынумен ұсынылды.

Саяси партиялар төрт сайлау округі бойынша кандидатураларын ұсынды: «NurOtan» партиясы 3 кандидат, «Ақ Жол» ҚДП - 1 кандидат, ҚХП  - 2 кандидат.

Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.

Ағымдағы жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде кемінде екі адамнан ұсынылды.

Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.

Ағымдағы жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша 5 кандидат тіркелді (38,47 %).

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 июля 2021