Информационное сообщение газета "Бурабай"

Қазақстан Республикасы селолық округтер әкімдеріне кандидаттар назарына!

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 85-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 және 36-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту концепциясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28-қарашадағы № 438 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері ауылдық округінің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2013-жылғы 23-сәуірдегі № 555 Жарлығына сәйкес:

- үгіт материалдарын жариялау 2021-жылғы 14-шілдеден бастап сағат 18.00-ден 2021 жылғы 24-шілденің 00.00 сағатына дейінгі мерзімде газеттің шығарылуына сәйкес өткізіледі.

«Бурабай» газетінің беттерінде көлемі 1 кв.см аумақтың бағасы:

1 бет - 100 теңге

2-6-беттер - 80 теңге

Әкімдікке кандидаттарға газет аумағын ұсынуға аудандық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу туралы шешімі және БАҚ басшысының атына өтініш негіз болып табылады.

Материалдар дайын күйде және электрондық нұсқада (әрбір бетте кандидаттың және оның сенімді адамының қолы болуы керек) ұсынылады.

Әкімдікке кандидаттардың сайлауалды материалдары алдын-ала 100% төлемақы келіп түскеннен кейін және газетпен келісім-шарт жасалған кейін жарияланады.

Әкімдікке кандидаттардың сайлауалды материалдары БАҚ бетіне жарияланғанда қаржыландыру көзі көрсетілуі керектігін естеріңізге саламыз.

«Қазақстан Республикасында Сайлау туралы» Заң талаптарына сәйкес келмейтін материалдар жарияланбайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 июля 2021