Бурабай ауданы Златополье, Қатаркөл, Кенесары және Ұрымқай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындау туралы хабарлама

Бурабай ауданы Златополье, Қатаркөл, Кенесары және Ұрымқай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындау туралы хабарлама

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына, «Бурабай ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы №22/45 қаулысына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесіне сайлау тағайындалғанын хабарлаймыз:

- Златополье ауылдық округі әкімінің;

- Қатаркөл ауылдық округі әкімінің;

- Кенесары ауылдық округі әкімінің;

- Ұрымқай ауылдық округі әкімінің.

 

Бұдан басқа, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол Бурабай ауданы әкімлдігінің сайтындағы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған, «Сайлау» қойындысы (www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-burabay).

 

 

Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
26 июня 2021