№ 367, № 374 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату және шығып қалғанының орнына осы комиссиялардың мүшелерін тағайындау туралы  

Ақмола облысы Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2021 жылғы 26 маусымдағы № 24/46

ҚАУЛЫСЫ

 

 

№ 367, № 374 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату және шығып қалғанының орнына осы комиссиялардың мүшелерін тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңның 19-бабының 8-тармағына, 10-бабына сәйкес және № 367 мен № 374 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің өтініштеріне байланысты аудандық сайлау комиссиясы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Міндеттен босатылсын:

тұрғылықты жерін ауыстыруына байланысты № 367 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Алена Александровна Брауэр (тұрақты тұруға кету);

өз өтініші бойынша № 374 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Красикова Лариса Васильевна (денсаулық жағдайы бойынша).

  1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 10-бабымен, 19-бабының 8-тармағында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін

№ 367 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Иманбаева Роза Сәлімқызы;

№ 374 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Жолтабарова Александра Александровна тағайындалсын.

  1. Осы қаулы № 367, 374 учаскелік сайлау комиссиясына және Бурабай аудандық мәслихатына жіберілсін.

 

 

Комиссия төрайымы                                                           Ә. Күштаева

 

Комиссия хатшысы                                                             Л. Ахметова

 

Дата публикации
25 июня 2021