Бурабай ауданының ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Бурабай ауданының

ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

Ақмола облысы Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2021 жылғы 25 маусымдағы №22/45

ҚАУЛЫСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Бурабай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бурабай ауданында 2021 жылғы 25 шілдеге сайлау тағайындалсын:

- Златополье ауылдық округінің әкімін;

- Қатаркөл ауылдық округінің әкімін;

 - Кенесары ауылдық округінің әкімін;

 - Ұрымқай ауылдық округінің әкімін.

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Бурабай ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Бурабай аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Бурабай» және «Стабильная газета» газеттерінде жариялансын.

 

 

 

Комиссия төрайымы                                                           Ә. Күштаева

 

Комиссия хатшысы                                                             Л. Ахметова

 

Дата публикации
25 июня 2021