Бурабай ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Бурабай аудандық сайлау комиссиясының

2021 жылғы 25 маусымдағы № 21/44

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Бурабай ауданының

ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша

сайлау округтерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Бурабай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бурабай ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылсын:

1) Златополье ауылдық округі әкімінің – Златополье ауылдық округінің шекарасындағы Златополье сайлау округі;

2) Қатаркөл ауылдық округі әкімінің – Қатаркөл ауылдық округінің шекарасындағы Қатаркөл сайлау округі;

3) Кенесары ауылдық округі әкімінің – Кенесары ауылдық округінің шекарасындағы Кенесары сайлау округі;

4) Ұрымқай ауылдық округі әкімінің – Ұрымқай ауылдық округінің шекарасындағы Ұрымқай сайлау округі.

  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Бурабай аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Бурабай» және «Стабильная газета» газеттерінде жариялансын.

 

 

Бурабай аудандық

сайлау комиссиясының төрайымы                                 А. Күштаева

 

Бурабай аудандық

сайлау комиссиясының хатшысы                                   Л. Ахметова

Дата публикации
25 июня 2021