ЖОБА
Бурабай ауданының Щучинск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 04 шілдедегі Заңының 19 бабына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бурабай ауданының Щучинск қаласындағы барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың келесі бірыңғай тарифі белгіленсін:
ересектерге – 110 (жүз он) теңге көлемінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 50 (елу) теңге көлемінде.
- «Бурабай ауданының Щучинск қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № а-9/376 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5563 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Е.Е. Бидановқа жүктелсін.
- Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай ауданының әкімі Ә. Мұздыбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай аудандық мәслихаты