«Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын айқындау және
бекіту туралы»
Бурабай ауданы әкімдігі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
|
р/с № |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1. |
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган |
«Бурабай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ |
|
2. |
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі |
27.03.2015 жылғы Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес |
|
3. |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар |
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын айқындау Бурабай ауданында сауда қызметін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді |
|
4. |
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығандар |
Қажет емес |
|
5. |
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің, мерзімді және болжанатын тиімділігі |
Аудан шекараларындағы стихиялық сауданы ретке келтіру, кәсіпкерлік субъектілерінің санын ұлғайтуды ынталандыру |
|
6. |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
Жоқ |
|
7. |
Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі |
Қажет емес |
|
8. |
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері |
Өткізілмеген |
|
9. |
Өзге де мәліметтер |
Жоқ |
Бурабай ауданының кәсіпкерлік және
өнеркәсіп бөлімінің басшысы С. Мұқан