Ауданның 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға міндеттер туралы Бурабай ауданы әкімінің есебі

Бурабай ауданында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсудің оң үрдісі қамтамасыз етілді. Нақты сектордың базалық салаларында өсу қарқыны қамтамасыз етілді. Мәселен, өнеркәсіпте 6,5% – ға, мал шаруашылығында 1,1% - ға, тұрғын үйді пайдалануға беруде 8,3% - ға, құрылыста 16,2% - ға. Бөлшек сауда көлемі 0,2% - ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 4,2% - ға ұлғайды. Орташа айлық атаулы жалақы 129017 теңгені құрап, 14,7% - ға өсті. Мемлекеттік бюджетке 17,4 млрд.теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе жоспарға 102,8%. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық дербестігін нығайту үшін 2020 жылдан бастап аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде дербес бюджеттер бекітілді.

Өнеркәсіп салаларын дамытуға бағытталған тұтас шаралар кешенін іске асыру өндіріс көлемінің тұрақты өсуін және жаңа кәсіпорындарды іске қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2020 жылы аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 67 млрд.39 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,8%. Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 116,9% - ды құрады немесе 59 млрд.351 млн. теңге сомасына өнім өндірілді. Тамақ өнеркәсібінде 7,7% - ға, металлургияда 22,4% - ға, ағаш бұйымдарын өндіруде 2,6% - ға, жиһаз өндіруде 43,1% - ға өсім қамтамасыз етілді.

Өткен жылы өнімділігі 5,0 млн.тонна алтын өндіру фабрикасын салу бойынша Қолдау картасы шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыру жалғастырылды. Жобалық қуатқа шығу 2022 жылға жоспарланған.

Өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларын дамыту есебінен өнеркәсіп өндірісінің тұрақты экономикалық өсуіне қол жеткізу, жаңа тауарлар өндірісі үшін жағдай жасау, қайта өңдеу объектілерінің қуатын арттыру, ресурс үнемдеуші және жасыл технологияларды енгізу аудан өнеркәсібін дамытудағы алдағы кезеңге арналған бірінші кезектегі міндет болып табылады.

Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 38 млрд.943 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 106,9%, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 25 млрд. 793 млн. теңге НКИ - 110,4%), мал шаруашылығы – 13 млрд. 131 млн. теңге (НКИ – 101,3%).

Өткен жылы жаздық егі себу 162,9 мың гектарды құрады (оның ішінде дәнді және дәнді – бұршақты дақылдар – 121,2 мың га, майлы дақылдар – 25,0 мың га, картоп – 2,9 мың га, көкөністер-0,4 мың га). Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, гектарынан 15,8 центнер орташа өнімділікпен 191,9 мың тонна астық жиналды (2019 жылы - 180 мың тонна).

2021 жылы арпа алқаптарын азайту есебінен бидай егістігін 1,4 мың гектарға (64,1 мың гектардан 65,5 гектарға дейін) ұлғайту жоспарланып отыр. 25,1 мың га майлы, 13,2 мың га жемшөп, 3,4 мың га картоп, 378,5 га көкөніс егіледі.

Жаңа жылда көкөністер мен салаттар жыл бойы өсіру бойынша жылыжайлар ашу бойынша екі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда (Ұрымқай ауылдық округінде және Зеленобор ауылдық округінде).

Мал шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінеді.

2020 жылы 457 басқа ІҚМ етті бағыттағы 8 ферма құрылды (соның ішінде Успеноюрьев ауылдық округінде 137 басқа 3 ферма Зеленобор а/о – 60 басқа 1 ферма, Кенесары а/о – 60 басқа 2 ферма, Қатаркөл а/о-50 басқа 1 ферма, Ұрымқай ө-150 басқа 1 ферма) және 479 басқа ҰММ (ұсақ мүйізді мал) 3 ферма.

Успеноюрьев ауылдық округінде 62 басқа арналған сүт фермасы ашылды.

2021 жылы 300 басқа 6 ет фермасын және 100 басқа бір СТФ (сүт-тауар фермасы) құру жоспарлануда.

Өткен жылы негізгі капиталға 45,2 млрд. теңге сомасында инвестициялар салынды (немесе 2019 жылға 124,0%). Бұл ретте жеке инвестициялардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе (22,6 млрд.теңге) ұлғайды.

18,6% - ға тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары асыра орындалды, 21957 ш.м. пайдалануға берілді (2019 жылға қарай-80,5%).

Одан әрі тұрғын үй құрылысы үшін төрт көппәтерлі үйдің (210 пәтер) құрылысына жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамалар алынды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 6,9 млрд.теңгеге 8 жоба іске асырылуда, оның ішінде Щучинск қ. және Зеленый Бор а. ЖТҚ учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде, жалпы сметалық құны-1,6 млрд. теңге.

Биыл Щучинск қаласында екі көп пәтерлі тұрғын үйдің (Қанайби көшесі, 3-шеп және Заречный ықшам ауданында - 1-желі) құрылысы басталады, бұл 110 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сапалы сумен қамтамасыз ету басымды міндеттердің бірі болып табылады.

Щучье-Бурабай курорттық аймағын одан әрі дамыту барысында 2020 жылы сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу бойынша  11 инвестициялық жобаны іске асыру жалғастырылды. Бұл мақсатқа жоғары тұрған бюджеттің есебінен 3,4 млрд.теңге бөлінді және игерілді.

2021 жылы осы жобалар бойынша жұмыстарды жалғастыруға бюджетте тағы 3,6 млрд.теңге көзделген.

Сумен жабдықтау жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасы шеңберінде 2020 жылы Щучинск қаласындағы 4 ауылда (Наурызбай батыр, Николаевка, Веденовка, Ұрымқай) және «Светлый шипажайы» ықшам ауданында сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңартуға және салуға жоба-сметалық құжаттама әзірлеу басталды.

Жергілікті бюджет есебінен Жасыл және Қарашілік ауылдарының сумен жабдықтауына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

         2021 жылы аудандық бюджет есебінен Златополье ауылындағы су құбырына ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады.

Аудандағы өзекті мәселелердің бірі жолдарды жөндеу болып табылады.

2020 жылы Щучинск қаласының көше-жол желісіне орташа жөндеу жүргізілді, ұзындығы 15,5 км (13 көше), Қызылағаш ауылының ұзындығы 4,3 км, Бурабай кентінің ұзындығы 13,8 км (12 көше) кентішілік жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Бурабай кентінің 1, 5-желі, Алимусин көшелері бойынша жол желісін дамытуды, Щучинск қаласының Горный ықшам ауданындағы жаңа мектепке кіреберіс жолды салу және қайта жаңарту жүргізілуде.

Бурабай-Қатаркөл (20 км) автожолын күрделі жөндеу, Зеленый Бор-Мәдениет (27 км) автожолын орташа жөндеу, Сарыбұлақ ауылына дейінгі жолды ағымдағы жөндеу (50 млн.теңге) жобаларын іске асыру басталды.

Осылайша, жақсы жағдайда тұрған жолдар деңгейі бойынша көрсеткіштің 2019 жылғы 42,5% - дан 2020 жылы 45% - ға дейін өсуі қамтамасыз етілді.

2021 жылы Текекөл көлін айнала Шәбаши көлін Солтүстік айналма жолына дейін автожол, Бурабай кентіндегі кавалериялық взвод, Щучинск қаласындағы АПБ (аудандық полиция бөлімі) ғимараттарына кіреберіс жолдарының құрылысын бастау жоспарлануда.

Зеленый Бор, Обалы, Златополье, Дмитриевка ауылдарының жалпы ұзындығы 8 километрден астам кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізіледі.

Бурабай кентінің - Жамбыл-Қазақстан, Интернациональная көшелерінің жол желісін дамытуды салу және қайта жаңарту бойынша жаңа жоба бар.

Щучинск-Николаевка жолының учаскесін күрделі жөндеуге, Бурабай кентіндегі Жұмабаев көшесін салуға және қайта жаңартуға жоба әзірленуде. Ағымдағы жылы Кенесары көшесі бойынша жобаға түзету жүргізілетін болады.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Щучинск қаласы мен Зеленый бор ауылдарын жылумен қамту нысандарына жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бурабай кентінің қазандығының қуатын кеңейту, ұзындығы 1 км Бурабай кентіндегі жылу желілерінің 2-кезегінің құрылысын салу  бойынша жұмыстар жүргізілді, ұзындығы 18 км 3-кезектің құрылысына жоба-сметалық құжаттама әзірленді.

Коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Щучинск қаласы үшін 7 бірлік жол техникасы және Бурабай кентінің жылу шаруашылығы үшін 1 бірлік экскаватор –тиегіш сатып алынды.

2021 жылы «Бурабай Су Арнасы» ШЖҚ МКК үшін екі және «Бурабай Жылу» ШЖҚ МКК үшін арнайы техниканың бір бірлігін сатып алу жоспарлануда.

Щучинск қаласында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында 485 шам ауыстырылып, аудан бюджеті есебінен төрт ықшам ауданның (Щучье шипажайы, Заречный, автовокзал, қалалық саябақ және орталық алаң) 11 көшесінде 116 шырағданды үнемді ЭДШ шырағданына ауыстыру жүргізілді.

Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде Бурабай кентінде (1-ші кезек) ұзындығы 8,6 км электр желісін салу бойынша жоба іске асырылуда, бұл кентті, оның ішінде туристік объектілерді электр энергиясымен үздіксіз қоректендіруді қамтамасыз етеді.

Өткен жылы Бурабай кентін абаттандыру жұмыстары жалғастырылды. Бюджет қаражаты есебінен арт шағын сәулет формаларын орнату және айналма жол айрығын, аллеяны, орталық алаңды не онмен жарықтандыру арқылы абаттандыру жүргізілді. 1 -желі көшесіндегі тұрақ алаңын абаттандыру, Кенесары көшесіндегі тротуарларды кеңейту, Көкмайса көшесіндегі тратуарларды орналастыру жұмыстары жүргізілді.

Жұмыспен қамту жол картасы бойынша Бурабай кентінде Советская көшесі 20 және Жұмабаев көшесі 10 бойынша аула, спорт алаңдары орнатылды, 16 әжетхана сатып алынды. Өз қаражаты есебінен 6 қоқыс алаңы орнатылды.

Сондай-ақ, Щучинск қаласында Абылайхан көшесі, 136 бойынша аула алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізілді, Набережная көшесі, 79 бойынша жұмыстар басталды.

2021 жылы Щучинск қаласында тағы 13 ауланы абаттандыру жоспарлануда (Әуезов көшесі 39,45,55,57,59,83, Боровская 85,Едомский 34, Морозов 34,47,49, Киров 55, Горный 7 ықшам ауданы).

Аудан экономикасының басым бағыттарының бірі туризмді дамыту болып табылады.

Туристік қызмет көрсету инфрақұрылымы сыйымдылығы 13 мың орыннан асатын 178 объектіні қамтиды.

Орналастыру объектілері көрсететін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында санаттар беру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда Бурабай ауданының аумағында 22 нысанның санаттық сертификаты бар.

Ағымдағы жылы жалпы құны 1,5 млрд.теңгеден асатын 6 жаңа туристік нысан пайдалануға берілді (Орленок ЖШС-ның спорттық базасы және аквапаркі, DI-Group ЖШС-ның көпфункционалдық кешені, «Береке Бурабай» ЖШС-ның сауда-ойын-сауық орталығы, «Береке Бурабай» ЖШС Інжу қонақ үйі ауданындағы аквапарк, «Сұлтан Плаза Бурабай» қонақ үйі, шолу дөңгелегі және «Бурабай даму» ЖШС Сапар орталығының ойын-сауық және ілеспе объектілері).

Туризмнің 9 объектісінің құрылысы жалғасуда, оның ішінде 3 қонақ үй кешені, инвестиция сомасы ағымдағы жылы 9 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде «Зерновая индустрия-Астана» ЖШС қонақ үйі, «AQBURA resort» кешені, Абылайхан паркі.

Туристерді тарту үшін 29 экскурсиялық маршрут әзірленді және бекітілді, оның ішінде 19 жаяу, 2 атпен жүру, 1 велосипед, 1 су және 6 автобус.

Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Бүгінгі күні 5007 шағын кәсіпкерлік субъектісі әрекет етеді. әрекет ететін шағын және орта бизнес субъектілерінің  үлесі өсті (81,7%). Олар өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсіммен 2245 жаңа жұмыс орнын ашты.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында мемлекет айтарлықтай қаржылық қолдау көрсетті. Іске асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы – 2020» аясында 2020 жылы жалпы құны 327 млн.теңгені құрайтын 23 жоба қолдау тапты. «Қарапайым заттар экономикасы» тетігі бойынша құны 301 млн.теңге болатын 8 жоба мақұлданды. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында 52 адам 216,7 млн. теңгеге шағын несие, 45 адам 7,9 млн.теңгеге бизнес - идеяларды іске асыруға гранттар алды.

Кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде. Кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс 330 тұрақты жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 145 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жобаны іске асыруға.

Оның ішінде жалпы құны 10,9 млрд. теңге болатын 9 жоба іске асырылып, 138 жаңа жұмыс орны құрылды.

Пандемия кезеңінде кәсіпкерлікті қолдау үшін ҚР Үкіметі экономиканы тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Сауда, туризм, қоғамдық тамақтану, қонақ үй қызметтері объектілері және шағын және орта бизнес субъектілеріне дағдарысқа неғұрлым бейім басқа санаттар бойынша салықтар бойынша нөлдік мөлшерлемені қолдану нәтижесінде ауданның жалпы сомасы 516,7 млн. теңгеге салық жүктемесі төмендетілді.

Әкімдік жұмысында әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Бюджет есебінен оқушылар тегін оқулықтармен толық қамтамасыз етілді. Жалпы сомасы 137,9 млн.теңгеге материалдық-техникалық база нығайтылды, оның ішінде 3 мектеп автобусы (№11 лицей), 6 жаңа модификация кабинеті (ЛМК, биология,химия, физика және робототехника кабинеті (№11 лицей), 156 компьютер, 21 ноутбук, 20 планшет, 8 мектепте жиһаз жаңартылды, 4 мектепте технологиялық жабдық, 3 мектепте спорттық мүкәммал сатып алынды.

Білім беру нысандарын жөндеуге 96,1 млн. теңге бағытталды, оның ішінде жалпы сомасы 18,0 млн.теңгеге 8 мектептің шатырын ағымдағы жөндеу, 2,0 млн. теңге сомасына терезелерді ауыстыру, 3,8 млн. теңге сомасына 3 мектепте жылу және кәріз жүйесіне жөндеу жұмыстары, 6,3 млн. теңге сомасына 3 мектепте спорт алаңдарын абаттандыру және жөндеу, 14,7 млн. теңге сомасына 4 мектепте ғимараттар мен қасбеттерді жөндеу жүргізілді.

Өткен жылы «Ауыл –ел бесегі» бағдарламасы аясында Абылайхан атындағы орта мектептің (Қызылағаш ауылы) шатырына қайта жаңарту жүргізілді.

Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша екі қалалық мектеп (филиалымен № 5 ОМ және №6 ОМ) күрделі жөндеуден өтті.

Жаңа жылда Қатаркөл ауылының  Досов таныдағы мектебін күрделі жөндеу жоспарланып отыр.

Аудан тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмекті 185 төсек орындық стационары бар аудандық орталық аурухана, аудандық емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 32 медициналық пункт, 2 ФАП, 5 жеке клиника көрсетеді. Жалпы қуаты 77 төсектік 6 күндізгі стационар жұмыс істейді, оның ішінде қалада 33 төсек орындық (учаскелік қызмет бөлімшесі және балалар консультациясы), ауылдық жерлерде 39 төсек орындық (Ақылбай, Зеленый Бор, Қатаркөл, Ұрымқай) және 5 төсек орындық тубкабинет.

1.12.2020 жылғы статистика деректері бойынша бала туу коэффициенті 3,3% - ға ұлғайды. 993 бала дүниеге келді. Өлім-жітім коэффициенті 1000 адамға 12,93 құрады, 884 адам қайтыс болды.

Туберкулезбен ауыру өткен жылмен салыстырғанда 7,4% - ға, онкологиялық аурулармен ауыру 1% - ға азайғанын айта кету керек.

Аурушаңдықты төмендету мақсатында аудан бюджетінде туберкулезбен және онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға әрқайсысына 15 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек қарастырылған. Химиопрофилактика жүргізу кезінде аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды, мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 40 бала «Одуванчик» балабақшасындағы санаториялық топтарға барады.

2021 жылы туберкулезбен ауыратын науқастарға төлемді жылына 15 АЕК-тен 60 АЕК-ке дейін ұлғайту көзделген.

Пандемия

Ауылдық жерлерге кадрларды тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

Осы мақсаттарда бюджетте әлеуметтік қолдау шаралары көзделген (100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы және 15 жылға жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01% болатын 1500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде тұрғын үйге бюджеттік кредит). 2020 жылы көтерме жәрдемақыны 33 маман алды, оның ішінде 26 – білім беру саласынан, 7 - Денсаулық сақтау саласынан. Бюджеттік несие –10 маман, оның ішінде 5 – білім беру, 5-денсаулық сақтау.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан колледждердің үш студентіне, сондай-ақ медициналық ЖОО-ның бір студентіне бюджет есебінен оқу ақысы төленді.

2021 жылы ауылдық елді мекендерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша жылына бір рет 15 АЕК немесе 43755 теңге (2021 жылға – ОБ есебінен 32772 мың теңге) мөлшерінде қосымша төлемдер көзделген.

Жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны артып келеді, 2020 жылы 29,6% (22189 адам) құрады, 2019 жылы 29%.

            

 

 

Бұқаралық спортты дамыту үшін 2021 жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Щучинск қаласында Спорт сарайының құрылысын бастау жоспарлануда. «Ауыл - ел бесегі» жобасы бойынша - Мәдениет ауылындағы спорт кешенінің құрылысы. Щучинск қаласында стадион құрылысының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу басталды. 2020 жылдан бастап жеке инвестициялар есебінен 2023 жылы пайдалануға беру мерзімімен «Шидай» спорт кешенін салу жобасы іске асырылуда.

Мәдени бос уақытты ұйымдастыру үшін 32 кітапхана, 9 клуб мекемелері жұмыс істейді.

2020 жылы Жұмыспен қамту жол картасы аясында Оқжетпес ауылындағы Мәдениет үйіне жөндеу, оның ішінде Ұрымқай ауылындағы Мәдениет үйін  жөндеу және шатырын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Жаңа жылда Щучинск қаласында 400 орындық аудандық Мәдениет үйінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу, аудандық орталық кітапханаға ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Халықты мемлекеттік тілге оқыту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік тіл бойынша 254 адам, ағылшын тілі бойынша 12 адам білім алуда.

Халықты әлеуметтік қолдау мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2150 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл жүгінгендер санының 83,4%-ын құрайды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру барысында 1460 адам жұмысқа орналастырылды. 2020 жылы тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,2% құрады (284 жұмыссыз есепте тұр).

Ауданда 222 аз қамтылған отбасы бар. Аудандық бюджет есебінен 2020 жылы 361 отбасына атаулы әлеуметтік көмек, 31 отбасына тұрғын үй көмегі, өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты 316 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ел Президенті 2020 жылды волонтер жылы деп жариялады. Біздің ауданда 276 жас белсенді еріктілер ретінде тіркелді, 3 «Lider kz», «Бірге бол», «Добрые сердца»еріктілер қозғалысы жұмыс істейді. Олар жоғалған адамдарды іздейді, емделуге қаражат жинайды, өрттен зардап шеккендерге, заттарды, тұрмыстық заттарды, тұрмыстық техниканы қабылдау-тапсыру пункттері ашылады. Пандемия кезінде еріктілер «Biz birgemiz», «Ақ пейіл көршілер»сияқты акцияларға белсенді қатысты.

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтарын іске асыру, жастарды қолдау және жан-жақты дамыту бойынша жұмыс жалғастырылды. Аудан аумағында 4 ТжКБ мекемелері орналасқан, олардың барлығында Жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс істейді. Қатаркөл ауыл шаруашылығы колледжі жанындағы «Шаңырақ» ЖҚБ, жоғары техникалық мектеп жанындағы «Жастар» ЖҚБ жастар ұйымдары жұмыс істейді, олар жастардың бос уақытын ұйымдастыру мен шығармашылық дамуына жәрдем көрсетеді. Тегін психологиялық, құқықтық, әдістемелік көмек көрсететін, жұмысқа орналасуға жәрдемдесетін жастар ресурстық орталығы жұмысын жалғастыруда.

Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде де белсенді жұмыстар жүргізілуде, «Вконтакте», «Facebook», «Instagram»-да «Бурабай ауданының жастар ресурстық орталығы» тобы құрылды, ол ауданның Жастар және ішкі саясат мәселелерін жария етумен, жергілікті жастар интернет-қоғамдастықтарының теріс контентті анықтау мәніне мониторинг жүргізумен, қоғамдық көңіл-күйді диагностикалаумен, әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтаумен айналысады.

Қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын сақтау мәселесі де назардан тыс қалмайды.

Ішкі саясат саласында жергілікті атқарушы органдардың идеологиялық жұмыстарының негізгі бағыттарына ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік басымдықтарды насихаттау, тәуелсіз Қазақстанның имиджін нығайту, қоғамдық келісімді сақтау жатады. Жүйелі жұмыс тұрақты қоғамдық-саяси жағдайды сақтауға мүмкіндік берді.

Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен ауылдық округ әкімі аппараттары 85 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

2020 жылы 19020 қызмет көрсетілді. Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны 2019 жылғы 3114-тен 2020 жылы 10800-ге дейін өскенін атап өткен жөн.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында қала әкімдігінің бірінші қабатында «Қолжетімді әкімдік» ашылды, онда мемлекеттік қызмет көрсететін 6 маман орналасқан. Бурабай кенті әкімі аппаратында осындай кеңсені ашу жоспарда бар.

Бурабай кенті және Щучинск қаласы, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсетудің 12 бұрышы орнатылды. Ағымдағы жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 2087 электрондық қызмет көрсетілді.

«Адал Көмек» жобасы аясында аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер бойынша мамандардың тікелей эфирлерін өткізу тәжірибесі енгізілді. Барлығы 36 эфир өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес өткен жылы Бурабай кенті мен Щучинск қаласының, ауылдық округтердің әкімдерімен 57 есеп беру кездесуі өткізілді. Оған 3 мыңнан астам адам қатысты.

Есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша 2020 жылы ұсыныстар қабылданды, олардың барлығы орындалды:

 

 

 

 

Аудандық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы шешімімен Бурабай ауданының аумақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Негізгі бағыттары мен мақсаттары анықталды:

1.Өңір экономикасының өсуі:

- өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларын басымдықпен дамыту;

- АӨК салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- туризмді дамыту-кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тауашасы ретінде.

  1. Ыңғайлы және қауіпсіз аймақ:

- халықты тұрғын үймен, орталықтандырылған сумен және газбен қамтамасыз етуді арттыру:

- аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту - Жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту  ;

- құқықтық тәртіпті және халықтың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

3.Өмірдің жаңа сапасы:

- өңірде кадрлардың еңбек тапшылығын қысқарту;

- халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсарту

- азаматтар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Бурабай ауданының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысында қол жеткізу жоспарлануда:

* өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсу қарқынын 9% - ға;

* ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 0,3 %- ға;

* орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын 4,5%-ға;

* бір тұрғынға 0,5 ш.м. тұрғын үймен қамтамасыз етілу;

* ауыл халқының сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділігін қамтамасыз ету;

* қатты тұрмыстық қалдықтардың 40% қайта өңдеу және кәдеге жарату;

* жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 45-тен 76-ға дейін %;

* қылмыстылық деңгейін жыл сайын 1% - ға төмендету%;

* 7,5 мың жұмыс орнын құру;

* жалпы өлім-жітім деңгейін 0,04% - ға төмендету;

* өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес ауылдық елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз ету деңгейі 91,2% - ға дейін.

Барлық аудандық қызметтердің күш-жігерімен, аудан тұрғындарының белсенді қолдауымен біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Ауданда қойылған міндеттерді іске асыру үшін мүмкіндіктер бар.

Дата публикации
22 января 2021