Успеноюрьев ауылдық округі әкімінің аппаратымен 2020 жылы белгілі бір жұмыстар атқарылды.
Жеке және заңды тұлғалардың 4 өтініші қаралды, 70 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 258 қызмет ЕГОВ өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетілді. Мемлекеттік қызметтер стандарттар мен регламенттер талаптарына сәйкес көрсетіледі, олардың толық тізбесімен Бурабай ауданының интернет - ресурсында, Успеноюрьев ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының стендінде, бұқаралық ақпарат құралдарында танысуға болады.
12 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушы болды, оларда 67 адам тұрады, оның ішінде 5 отбасы көп балалы, оларда 41 адам, төленген жәрдемақы сомасы 745 мың 392 теңгені құрады.
2020 жылы онкологиялық аурудың өмірлік қиын жағдайына тап болған отбасыларға бір реттік көмек тағайындалды.
Ауылдық округ аумағында «RG Gold» ЖШС алтын өндіру кәсіпорны жұмыс істейді, осы компанияның келуімен жаңа жұмыс орындары ашылды, біздің округтен онда 121 адам жұмыс істейді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында соңғы 3 жылда білім беру саласына 205 миллион теңгеге демеушілік көмек көрсетілді. Орта мектептің ғимараттары толығымен жөнделді, ақпараттық технологиялар кабинеттері ашылды. Жобалық құны 106 миллиард теңгеден асатын, өнімділігі 5 миллион тонна құрамында алтын бар кен, алтын шығару фабрикасының құрылысы басталды.
Мемлекет мал шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөледі. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының қолдауымен «Абдрахманов» ЖК 6 миллион теңгеге 12 бас ірі қара мал сатып алды.
«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Сенім» ЖШС жалпы сомасы 22,5 миллион теңгеге «симментал» тұқымының 33 басын сатып алды, осы бағдарлама бойынша «Қоянды Агро» ШҚ басшысы Ахметов Казбек Нурсаинович «симментал» тұқымының 62 басын сатып алды, осы кәсіпорынмен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының қолдауымен сүт-тауар фермасы және мал шаруашылығы базасы салынды. Шаруашылық Клинцы ауылында, бір кездері онда 60-70 аула болған еді, елді мекен Қояндықкөл көлінің жанындағы көркем жерде орналасқан. Қазбек Нұрсайынұлы барлық инфрақұрылымға (су, жарық, жол) қызмет көрсетуді өзіне алды.
Успеноюрьевка ауылының тұрғыны Павленко Евгений Анатольевич 2020 жылы ІҚМ өсірумен айналысатын шаруа қожалығын ашты, сондай-ақ мал шаруашылығымен «Демченко»ШҚ да табысты айналысады.
Өткен жылы ауылдық округтің кәсіпкерлерімен 104 тұрақты жұмыс орны құрылды.
ІІІ топтағы 2 мүгедек жұмысқа орналастырылды.
Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде уақытылы еңбекақы төлеу бөлігінде аудан әкімдігімен және барлық еңбек ұжымдарымен меморандумдар жасалды. Округ бойынша жалақы бойынша жұмыс берушілердің берешегі жоқ.
Ағымдағы жылдың 12 айында 5 миллион 85 мың теңге салық жиналды.
2018 жылдан бастап қолма-қол ақшаның кассалық шоты ашылды және барлық салықтар бізге осы шотқа түседі
Жергілікті қоғамдастық жиналыстарының шешімі бойынша 1 миллион 987 мың теңге сомасындағы қаражат құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеуге және кентішілік жолдарды күтіп-ұстауға, сондай-ақ елді мекендердің дизинфекциясына және санитариясына бағытталды.
2015 жылы ауылдық округ бойынша жергілікті қоғамдастықтың 9 мүшесі сайланды. Олармен өзара іс-қимыл жасай отырып, 2020 жылы қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, 8 отырыс өткізілді.
Әскери міндеттілерді есепке қою және есептен шығару, жасөспірімдерді шақыру учаскесіне тіркеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Көктемгі және күзгі шақырудың жоспары орындалды.
3 елді мекеннің тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтауды пайдаланады. 2012 жылы Успенорьевка ауылының су құбыры желілері толығымен қайта жаңартылды, осы мақсатта облыстық бюджеттен 140 миллион теңге бөлінді, осы кезеңде халықтың 60% - дан астамы суды үйлеріне өткізді.
Николаевка ауылының желілері 1985 жылы пайдалануға берілген, бүгінгі күні олардың тозуы 80%-ды құрайды, қазіргі уақытта Бурабай ауданының құрылыс бөлімімен бірлесіп су құбырын қайта жаңартуға жоба-сметалық құжаттама әзірленуде. Қалған 3 елді мекенде сумен жабдықтау жеке ұңғымалармен қамтамасыз етіледі. Сумен жабдықтаудың барлық объектілері Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің теңгеріміне берілді. 2017 жылдың қараша айынан бастап Успеноюрьевка ауылындағы су құбыры жүйесіне «Бурабай Су Арнасы» ШЖҚ МКК қызмет көрсетеді. Қалған елді мекендерде күтіп ұстаумен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық айналысады.
Ауылдық округ әкімдігінің маңызды жұмысы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау болып табылады. «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бойынша көктемгі айлықты өткізу туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің қаулысын орындау мақсатында ауылдық округ әкімінің аппараты елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бойынша айлықты өткізу бойынша өз іс-шаралар жоспарын әзірледі. 2020 жылдың айлығы кезеңінде абаттандыру бойынша 2 жиын, 5 экологиялық сенбілік, таза бейсенбі өткізілді.
Әкімшілік ғимараттар тиісті қалыпқа келтірілді, барлық бағандар сырланды.
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткіштің, А.С. Мартенге арналған стелланың аумағына санитарлық тазалау жүргізілді. Жол бойында шөп шабу жұмыстары жүргізілді. Әрбір елді мекенде ҚТҚ мен қи шығару үшін арнайы бөлінген орындар бар.
Жыл сайын кентішілік жолдарға себу жүргізіледі. Шаруа қожалықтарының қолдауымен Успеноюрьевка, Клинцы, Үлгілі, Қарағай ауылдарының жолдарына грейдерлеу жүргізілді.
Оқушыларды тасымалдау үшін ПАЗ-672 автобусы, «ГАЗЕЛЬ» шағын автобусы бар. Райгородок елді мекенінен Николаев орта мектебіне, Қарағайдан Щучинск қаласының мектеп-интернатына оқушыларды жеткізу үшін.
Жем-шөп дайындау жоспары орындалды. «Журавлевка-1» ЖШС және шаруа қожалықтарының күшімен жоспар бойынша 8000 тонна болғанда 8500 тонна шөп дайындалды.
Қарттар мен мүгедектер айлығы кезінде «Журавлевка-1» ЖШС зейнеткерлерге 121000 теңге сомасына 5 килограммнан қызылша, сәбіз және қырыққабат бөлді. «Шипилов» ШҚ, «Демченко» ШҚ, «Қоянды Агро» ШҚ, «Қожахметов» ШҚ, «Коваленко» ШҚ, «Әлімғожин» ШҚ қолдауымен азық-түлік пакеттері ұйымдастырылды.
«RG Gold» ЖШС Жаңа жылдық мерекеге орай 5 жасқа дейінгі балаларға 414 мың теңге сомасына тәттілері бар қағаз қапшықтар түрінде көмек көрсетті. Жыл сайын округте «Мектепке жол» республикалық акциясы жүзеге асырылады, 2020 жылы 1 миллион 696 мың 665 теңге сомасына 40 оқушы қамтылды, сондай-ақ осы ЖШС біздің округтің шағын орталықтарына 1 миллион 329 мың теңге сомасына саны 17 қорап ойыншықтар берілді.
Апта сайын округ дүкендері бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне баға мониторингі жүргізіледі.
Жеке кәсіпкерлермен бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша әңгіме жүргізіледі.
Ауылдық округтегі дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік пункт, осы мекемелер типтік емес үй-жайларда орналасқан және санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Алдын алу мақсатында Успеноюрьев дәрігерлік амбулаториясында туберкулезге қарсы іс-шаралар жоспары әзірленді, соған сәйкес барлық алдын алу іс-шаралары жүргізілуде, бірақ осы жылы «Жылжымалы флюорограф» мобильді медициналық кешені округке жіберілмегендіктен, флюорографиялық тексеруден өткен халық 99,1% - ды құрады. Медицина қызметкерлері округ тұрғындарына уақытылы медициналық көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді.
Жыл сайын онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау үшін халықтың нысаналы топтарына тегін скриннингтік тексерулер жүргізіледі.
Округте ветеринарлық учаске бар, ветеринарлық дәрігер Асенов Бауржан Сержанович «Бурабай Ветсервис» ШЖҚ МКК-де жұмыс істейді. Барлық ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар, атап айтқанда барлық мал басын сібір жарасы, туберкулез, бруцеллез, пастереллез, эмкар, құтыру сияқты қауіпті ауруларға қарсы профилактикалық егулер жоспар бойынша жүргізіледі.
«Ветеринария туралы» ҚР Заңында «жеке қосалқы шаруашылық жүргізетін азаматтар: жануарларды ұстаудың белгіленген нормативтері мен ережелерін қатаң сақтауға; заңнамаға сәйкес жануарларды сәйкестендіруді қамтамасыз етуге, ветеринариялық іс-шараларды жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті»-деп нақты белгіленген. Соңғы 12 жылда жіті жедел жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. Ауылдық округте негізгі күш халықтың қосалқы шаруашылығын одан әрі дамытуға жұмсалады.
Успеноюрьев ауылының тұрғындарын базалық ауыл шаруашылығы кәсіпорыны «Успеноюрьев АҚП» ЖШС-ның тағдыры толғандырады, ол бес жылдан астам уақыт әрекетсіз тұр.
19 . 2020 жылға арналған міндеттер
Ауылдық округ әкімінің аппараты өндірістік ұжымдармен бірге ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.