Ұрымқай ауылдық округінің әкімі Ж.К. Оспановтың «Ұрымқай ауылдық округінің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері және 2021 жылға міндеттері туралы» ЕСЕБІ

Мемлекет басшысы Қ.Қ.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында біз жүзеге асыруға тиісті ортақ міндеттерді нақты белгіледі.

Ұрымқай ауылдық округі әкімінің аппараты 2020 жылы белгілі бір жұмыстарды атқарды.

10 жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін карады. 128 нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. 90 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 14 отбасы (50 адам) 2040112  теңге көлемінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алды. 116 нотариалдық іс-әрекет куәландырылды.

2020 жылғы қаңтардағы есеп беру кездесуінде алға міндеттер қойылған болатын:

1) Округтің барлық елді мекендерінің жер шекараларын заңдастыру. Белгіленген уақытта 3 елді мекеннің шекаралары заңдастырылды: ол Қарашілік, Көрнекті, Красный кордон елді мекендері, бұл бағыттағы жұмыс ары қарай жалғастырылуда.

2) Егер қаржыландыру болса Дмитриевка-Ұрымқай (2 км) тасжолын орташа жөндеуден өткізу, және Ұрымқай ауылындағы Ленин, Советская , Бейбітшілік (3,1 км) көшелеріндегі асфальтты жабуының шұңқырларының жөндеуін өткізу. Ұрымқай автомобиль жолының орташа жөндеуін өткізу (5,1 км) үшін « Бурабай ауданының құрылыс бөлімі» ММ-не бюджеттік өтінім берілді.

         3) Дмитриевка ауылында суқұбырын салу, Ұрымқай ауылында суқұбыры желісін жөндеу.  Ұрымқай ауылында су құбырын салу үшін сметалық құжаттар дайындалуда.

Ауыл шаруашылығы

Ауылшаруашылығы - бұл біздің басты ресурстарымыз және бізде органикалық және экологиялық таза өнім өндірудің әлеуеті зор.

Округте 14 ЖШС, 42   шаруа қожалығы мен 4 АӨК ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізеді. Негізгі кәсіпорын «Журавлевка-1» ЖШС-ның егіс алқабы 31713 га құрайды. 2020 жылы  арпа – 21300 га, зығыр - 10286 га, бұршақ – 59 га себілді. Астықтың орташа шығымдылығы – 19,5 ц/га, майлы дақылдар – 16,3 ц/га, бұршақ дәнділер-12,2ц/га құрады. 2020 жылдың соңында «Журавлевка-1» ЖШС-гі Бурабай ауданының өсімдік шаруашылығы саласындағы ең жақсы шаруашылықтардың бірі болып танылды және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің грамотасымен марапатталды,сондай ақ еңбек озаттары аудан және облыс әкімдерінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мал шаруашылығы

Округтегі мал басы жеке үй шаруашылықтарының, шаруа  қожалықтарының, жеке кәсіпкерлер мен АӨК-дің малдарынан тұрады.

ІҚМ - 2831 бас, жылқы-1261 бас, қой-ешкі - 5181 бас, шошқа-400 бас, құс - 15602 бас.

Бұдан басқа мал шаруашылығымен жеке кәсіпкерлер мен «Журавлевка-1» ЖШС айналысады, онда 701 ірі қара мал,143 жылқы тіркелген.Сондай-ақ, «Кіндікқарағай Сүт» ЖШС-мен Ұрымқай ауылында Симменталь асыл тұқымды малының 280 басына арналған СТФ салынды. Қаңтар – ақпан айларында Чехия мемлекетінен 93 бас қара мал әкелу жоспарланып отыр. Жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

Салықты және басқа міндетті төлемдерді жинау, салық салу базасын ұлғайту

2020 жылы :

- жеке тұлғалардың жер салығы – 427,2 мың теңге;

- мүлік салығы – 54,3 мың теңге;

- жеке тұлғалардан көлік салығы – 5548,9 мың теңге;

- заңды тұлғалардан көлік салығы – 531,0 мың теңге;

- кәсіпкерлерден жеке табыс салығы – 436,9 мың теңге;

- жарнама орналастырғаны үшін – 496,7 мың теңге салық жиналды.

Барлық жиналған салық – 7495,4 теңгені құрайды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кірістер түсімдерінің жоспары 179,9% орындалды.

Жергілікті қоғамдастықпен өз ара әрекеттесу

  Жергілікті қоғамдастықпен тығыз ынтымақтастықта 2020 жылы қаражат бөлу бойынша маңызды шешімдер қабылданды: жерге орналастыру жобаларын әзірлеу, үй-жайларды және аумақты дезинфекциялау, Қарашілік ауылының орталық көшесіне жарық беру желісін орнату, шаруа қожалықтары үшін жер ауылшаруашылық өндірісін дамыту үшін жер пайдалану құқығын беруге конкурс жариялау шешімін қабылданды.

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру

2020 жылы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қолдау тетіктерін нақтылау үшін ауданның барлық елді мекендерінде қоғамдық кездесулер өткізілді. 2020 жылы нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша 6 адам оқудан өтті, оның ішінде 2 адам жалпы сомасы 1,11 млн. теңгеге мал шаруашылығын (ұсақ мал) дамытуға мемлекеттік грант алды. Ауылдағы сумен жабдықтау желілерін ағымдағы жөндеуге Қарашілік ауылына жергілікті бюджеттен 3,5 млн.теңге бөлінді.Бұл қаражат 5 құдықты орнатып, монтаждай отырып 550 м тарату желісінің құрылысына жұмсалды, бұл 22-үй иелеріне су құбырын үйлеріне кіргізуге мүмкіндік берді.Сондай ақ ЖҚЖК-2020 бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен Ұрымқай ауылындағы Мәдениет Үйіне ағымдағы жөндеу жұмысына 2,9 млн.тенге жұмсалынды.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру

Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандағы барлық мектептер мен мекемелерде іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралардың мақсаты - адамның, отбасының рухани және мәдени құндылықтарын сақтау және арттыру, қазіргі заманғы жас отбасы мәртебесін нығайту және белсенді өмірлік позицияны қалыптастыру. Ауыл жастарының бастамасының арқасында Ұрымқай ауылындағы коньки мұз айдынын су басты, ұлттық ойын «Тай Жарыс», «Аударыспақ» өткізілді.

 

Селолық округ әкімдігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жұмыс шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды тудыратын себептердің алдын-алу және жою басым бағыт болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың принциптері кеңінен қолданылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдануда. Қараша айында әкім аппаратының бас маманы «Адал Көмек» жобасы аясында тікелей эфирде ақпаратпен бөлісті.

Әкім аппаратының мамандары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша құқықтық кешенді тренинг ұйымдастырылды. Оқыту барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары талқыланады, заңнама талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндіріледі.

Ауылдық округ тұрғындарының сенімін нығайту, аппарат, әкім қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында сенім телефоны жұмыс істейді: 8(71636)93-4-42.

Жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықты азайту

2020 жылы 45 жаңа жұмыс орындары ашылды,45 тұрақты және 40-дан астам уақытша жұмыс орындары ашылды.

«Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік біліммен қамтамасыз ету» бірінші бағыты аясында 2 адам оқытылды, 5 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 4 мүгедек жұмысқа орналастырылды. Жыл басынан бастап Жұмыспен қамту орталығына жүгінген жұмыссыздар қатарынан 10 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, оның ішінде 6-і жұмысқа  орналастырылды. Мал шаруашылығын дамыту үшін 1 адам микрокредит алды (3,4млн.т). 2020 жылдың желтоқсан айында жергілікті кәсіпкер Байғожин Адай 45 балаға арналған «Болашақ» балабақша құрылысын аяқтап, жаңа 10 жұмыс орнын ашты.

 

Орташа айлық еңбекақыны көтеру

Округ бойынша  орташа айлық жалақы 127200 теңгені құрады, бұл аудан бойынша орташа айлық жалақының 78,8% құрайды. Барлық кәсіпорындардың, ауыл шаруашылығы құрылымдарының, шаруа қожалықтарының басшыларымен және жеке кәсіпорлермен жалақыны көтеру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

 

Жер қатынастарын реттеу

Ауылдық округ әкімінің аппараты жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін алу үшін азаматтардың кезегін қоюда, 13 өтініш берушілер келесі кезекте тұр:

  • Ұрымқай селосында- 1 адам
  • Қарашілік селосында – 11 адам
  • Кызыл кордон селосында – 1 адам.

 

Елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру, санитаралық тазалау бойынша жұмыстар

Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитаралық тазарту айлығы кезеңінде абаттандыру бойынша 10 жиналыс, 9 экологиялық сенбілік өткізілді, тәртіп бұзушыларды анықтау үшін рейдтік топ ұйымдастырылды, үй маңындағы аумақтарды санитарлық тазалау туралы 180 астам нұсқама табыс етілді, 2 стихиялық қоқыс төгілген жер тазартылды, 63 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Жұмыс жоспарына сәйкес Ұрымқай, Дмитриевка, Қарашілік ауылдарының орталық көшелерінің жол жиегіндегі шөптерді шабу жүргізілді. Щучинск-Ұрымқай трассасында, ауылдық округтің кент аралық жолдарында шөптерді екі қабат шабу жүргізілді. Ұрымқай – Кульстан, Красный кордон, Кіндікқарағай, Көрнекті ауыл аралық жолдардың шөбі шабылды. Ұрымқай ауылындағы, Қульстан ауылы бағытындағы 500 метр ауылішілік жолдарды грейдерлеу және шұңқырларды майда таспен толтыру жұмысы жүргізілді. Есепті жылы Қарашілік ауылының жастары мен әкімдікпен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағын тазарту және орау бойынша жұмыстарын жүргізді. Ұрымқай және Дмитриевка ауылдарында бұл жұмыстар  «Журавлевка-1» ЖШС-гі көмегімен жүргізілді.

Жол желісін дамыту, қоғамдық көлікті ұйымдастыру, оқушыларды мектептерге тасымалдау бойынша жұмыс

Елді мекендерге автобус қозғалысы тұрақты түрде жүзеге асырылады. Әкімінің аппаратымен шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері үйлеріне тегін тасымалдады ұсыну бойынша 63 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

206 мың теңге сомасында Ұрымқай ішаралық жолдарын жөндеуге жүргізуге жоба-сметалық құжаттама әзірленді.

Қарашілік, Красный  кордон, Көрнекті және Дмитриевка ауылдарындағы кірме жолдарды орташа жөндеуге 4 сметалық құжат әзірленді, жоғары тұрған бюджеттерден қаржыландыруға бюджеттік өтінімдер берілді.

 

Жылыту маусымына дайындық

2020-2021 жаңа жылу маусымына дайындық кезінде әлеуметтік нысандарға тексеру жүргізілді, барлық нысандар жанармаймен толық қамтамасыз етілді.

 

Жем-шөп дайындау

2020 жылы шөпке қажеттілік 10474 тоннаны құрады. Тұрғындар жем-шөппен толық қамтамасыз етілді.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдана осал топтарына көмек

Жыл сайын қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығын өткізу кезінде қарттар мен жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсетіледі.Округ бойынша 129 мүгедек,олардың 19 -1 топтағы,43 адам -2 топтағы,56 адам- 3 топтағы мүгедек,10 мүгедек бала. Есеп беру жылында жалпы - 945 мың теңге сомасына көмек көрсетілді.

 

Бағаны тұрақтандыру жұмысы.

Дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына апта сайынғы мониторинг жүргізіледі. Біз жеке кәсіпкерлермен бағаның өсуіне жол бермеу туралы сөйлесеміз. 2 дүкенде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін «әлеуметтік сөрелер» құрылды, мұнда қажетті тауарлардың бағасы нарықтық бағадан 5% төмен. Кәсіпкерлермен 9 өзара түсіністік пен сауда саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Білім беру

Округте 2 орта, 2 негізгі және 1 бастауыш мектептер бар. Мектептерде барлығы 400 оқушы білім алуда. Округтің білім беру жүйесінде 3 педагог жоғары санаттағы,40 педагог бірінші санаттағы ұстаздар.

Мектептердің жанында толық күн және жарты күн болатын 3 шағын орталық жұмыс істейді.

Қарашілік орта мектебіндегі «Мирас»шағын орталығында – 25 бала (2 топ).

Дмитриевка негізі мектебіндегі «Балдырған» шағын орталығында -20 бала.

Кіндікқарағай негізгі мектебіндегі шағын орталықта  - 5 бала.

Аз қамтылған отбасылардың балалары киім, аяқ киім, кеңсе тауарларымен Жалпыға бірдей білім беру Қоры есебінен қамтамасыз етіледі. Спорттық жабдықтар мен пән кабинеттерінің жабдықтарын кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Барлық орта және негізгі мектептерде лицензияланған медициналық кабинеттер бар. Аумақтың барлық мектептерінде білім беру нысандарын заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында жұмыстар жүргізіліп және  жыл сайын Кульстан, Красный Кордон, Дмитриевка, Көрнекті елді мекендерінен оқушыларды тасымалдау қамтамасыз етіледі.

Денсаулық сақтау

Ұрымқай ауылында дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, ауылдарда 5 медициналық пункт бар. Дәрігерлік амбулаторияның жанында күндізгі стационар жұмыс істейді. Округте туу -34 адамды, өлім -34 адамды құрады.

2020 жылы өмірде қиын жағдайға душар болған 7 адамға жалпы сомасы 291690 теңге мөлшерінде бір жолғы көмек көрсетілді (онкология, туберкулез аурулары,апат құрбандары). Әкімшілік тарапынан тұрғындарды 100% флюорографиялық тексеруге көмек көрсетіледі. Қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтау үшін жыл сайын халықтың мақсатты топтарына скринингтік тексерулер жүргізіледі.

Құқықтық тәртіп

Округте құқық қорғау жұмысын жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы полиция капитаны С.Ж. Шалмұқанов жүргізеді. Өткен кезеңде 2 қылмыс жасалған. Арнайы емдеу-профилактикалық мекемесіне 1 адам жіберілді. 135 әкімшілік хаттама жасалды. Тұрақты негізде қылмыстың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілуде (мектептерде әңгімелер өткізіледі, «Сақшы» қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді)

Алдағы міндеттер:

  1. Жоғары бюджеттерден қаржыландыру мүмкіндігі болған жағдайда Қарашілік, Көрнекті, Дмитриевка, Красный Кордон ауылдарына кірме және ауылішілік жолдарына орташа жөндеу өткізу қажет.
  2. Округтің елді мекендерінде: Ұрымқай, Дмитриевка, Кіндікқарағай, Кульстан жерлерінің шекараларын заңдастыру.
  3. Қаржыландыру болған жағдайда Көрнекті, Кіндікқарағай ауылдарында көшелерді жарықтандыруды орнату және Көрнекті, Кіндікқарағай ауылдарында сумен жабдықтаудың тарату желісімен қамтамасыз ету.

 

Дата публикации
08 января 2021