Қатаркөл ауылдық округінің 2020 жылғы әлеуметтік — экономикалық дамуы және 2021 жылға арналған міндеттері туралы есеп.

Қатаркөл ауылдық округінің аумағы 22963,5 га; ауылшаруашылық жерлері - 14 900,5 га, арнайы жер қоры - 562,0 га, орман алқаптары -5859,0 га, елді мекендердің жерлері -1642,0 га. Округ халқы 3044 адам, жалпы аулалар 933, 998 отбасы,  еңбекке қабілетті халық  1863 олардың ішінен 1225 жұмыс істейтіндер, жұмыссыздар 61 адам, округте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 213 адам. Еңбекке жарамды жастағы мүгедектер саны - 59, зейнеткерлер - 503 адам, оның ішінде 17 тыл еңбеккерлері, 35 жалғыз басты қарттар, 9 көп балалы отбасылар.

Мемлекеттік бағдарламалар:

 Есепті кезеңде 3 адам «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға сертификат ұсынумен қысқа мерзімді оқудан өтті.

Ауылдық округ бойынша шағын несиелеу бағдарламаларына қатысуға өтінімдерді 2 адам берді (К. Тагильцев, Н. Однороженко), құжаттар қарастырылуда. Дәріхана ашу үшін К.Тагильцев 4 800 000 теңге несие алды.

«Жол картасы» шеңберінде жұмыссыздар және бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар халықтың нәтижелі жұмыспен қамтылуына ықпал ететін шараларға белсенді қатысады. Бұл мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі міндеттерінің бірі. ӘЖО 11 адам жұмыспен қамтылды, жоспар бойынша 3 адам, сонымен қатар 3 мүгедек жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыт бойынша - кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды 4 адам өтті, олардың барлығы жұмыспен қамтылды.

Үшінші бағыт бойынша - қоғамдық жұмыстарға 11 адам, оның ішінде 5 адам жұмыспен қамтылған және 1 адам декреттік демалыста.

Бірінші бағыт бойынша А.Смағұлова 277800 теңге көлемінде грант алды, В.Зенченко мен О.Прошин өз кәсібін бастау үшін 555600 теңге көлемінде өтеусіз грант алды.

«Щучинск-Бурабай курорттық аймағынын дамыту» бағдарламасы бойынша есепті кезеңде келесі жұмыстар жүргізілді:

1.«Бурабай ауданының Қатаркөл кәріздік коллекторының құрылысы», жобалық құны 2 млрд. 591 млн 344 мың теңгеге БСО-ның және Қатаркөл ауылының кәріз жүйесін Щучинск қаласының тазарту құрылыстарымен байланыстырады.

2.БСО-ы, санаторийлер үшін сумен жабдықтау желілерін салудың екінші кезеңі (барлық жобаның құны 2575726884 теңгені құрайды).

  1. Ұзындығы 20 км Қатаркөл - Бурабай автожолын күрделі жөндеу, құны 1,9 млрд теңге (Ленин көшесінен Приозерное орманшылығына дейінгі жарықтандыру).

Бұл жобалардың аяқталуы мен пайдалануға берілуі ауылдың инфрақұрылымын салу бойынша жұмыстардың барлық кешенін аяқтауға, көлдің экологиялық жағдайын жақсартуға, ат туризмін дамытуға, қонақ үй бизнесін дамытуға және жеке капиталды ауданымызға тартуға мүмкіндік береді, сол арқылы табиғи жүктемені жеңілдетеді.

Бюджеттің төртінші деңгейі бойынша: Қатаркөл ауылының 15 көшесін; Сосновка ауылының 3 көшесін; Ключевое ауылының 2 көшесін және Вишневое ауылының 2 көшесін 2410000 теңгеге ресімдеу және тіркеу бойынша жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар, Қатаркөл және Сосновка ауылдарындағы ескерткіштің жер учаскесін спорт алаңына 140000 теңге сомасына ресімдеу. Қатаркөл ауылының ұзындығы 7,2 км кентішілік жолдарын орташа жөндеуге сметалық құжаттама әзірленді (жобаның құны 300,0 млн. теңге)

Меншікті қаражат есебінен:

1. «AQUAInnovation Company» ЖШС екінші су құю желісін монтаждау және іске қосу бойынша жұмыстар жүргізді.2. Катаркөл ауылындағы стадионды қалпына келтіру бойынша жұмыс жалғасуда. (футбол алаңы; волейбол және баскетбол алаңдары; спортзал және фитнес залдары; жүгіру жолы), жоба құны 100,0 млн.теңгеден асады.


  1. Discovery-де жобалық құны 400,0 млн.теңгеге спорттық база салынды.
  2. Discovery-де пайдалануға берілген «Аквопарк» жобалық құны 500,0 млн. теңгені құрайды

Жеке аула: Халық үшін қосалқы шаруашылық үлкен демеу болып табылады, оған 1 мал дәрігері және 1 қолдан ұрықтандыру бойынша техник қызмет көрсетеді. 933 үйдің 355 үйінде (38%) ірі қара мен құс бар. Ірі қара мал - 1023 бас; ұсақ мал-896 бас; жылқылар - 182 бас; шошқа-365 бас; құс-5504.
Жыл басынан бері ветеринарияда барлық эпизоотияға қарсы және жоспарлы шаралар жүргізілді, 38 бас сиыр қолдан ұрықтандырылды.

Есепті кезеңде ШЖҚ «Ветсервис» МКК-ның жалдамалы қызметкерлерімен саны 37 бас қаңғыбас иттерді аулау жүзеге асырылды.

Салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді жинау, салық салу базасын кеңейту:

Есепті кезеңде 13 704 000 теңге жоспардан 30 704 000 теңге өндірілді, артық орындалуы 16 827 000 теңге немесе 222,8%1. Төлем көзінен салық салынбайтын ЖТС (жоспар-1 400 000т., Факт-4 848 000. 346,2%).

  1. Жеке тұлғалардың мүлік салығы (жоспар-74 000 тг., факт – 49 000 тг. 66.2%).
  2. Елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғаларға салынатын жер салығы (жоспар- 7 639 000 тг., факт – 17 527 000 тг. 229,4 %)
  3. Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық (жоспар- 1 414 000 тг., факт – 1 414 000 тг. 100%).
  4. Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық (жоспар- 3 154 000 тг., факт – 6 645 000 тг. 210,7 %).

Әлеуметтік сұрақтар: Есептік кезеңде «АӘК жаңа форматы» жобасының шеңберінде 18 отбасы қатысты (84 адам), 2900000 теңге игерілді. ШАЖ бойынша 4 отбасы(13 адам), КАЖ алушылар – 14 отбасы (71 адам) жәрдемақы алды. «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметіне сәйкес, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша сомасы 371220 теңгеге 9 адамға  материалдық көмек көрсетілді, оның ішінде 8 адам онкология бойынша — 329550 теңге,  1 адам абақтыдан босатылған — 41670 теңге. 25  жалғыз басты азаматтарды және мүгедектерге қызмет көрсету 5 әлеуметтік қызметкерлермен жүзеге асырылады. «Алтын Алқа» -5, «Күміс Алқа» -15 аналар белгісімен марапатталған.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілген ардагерлерге 21 адамға естелік медальдар табысталып, 125000 теңге сомада материалдық көмек көрсетілді. Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығында 221 адамға 1068100 теңге көмек көрсетілді. Сәуір-мамыр айларында коронавирус инфекциясымен байланысты ТЖ кезінде округ бойынша 203 адам мемлекеттен коммуналдық қызметтерді төлеуге айына 15000 теңгеден көмек алады.

Есепті кезеңде бірыңғай жиынтық төлем және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды төлеу тәртібін түсіндіру бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді.

Өтініштерімен жұмыс: 41 өтініш қаралды (38 жеке, 3 заңды тұлға), оның 28-і қанағаттандырылды, 2-уі қайта бағытталды, 5 жазбаша түсініктеме берілді.

105 нормативтік-құқықтық актілер қабылданды ( 96 өкім және 9-шешім). E-gov қол жетімділік бұрышы арқылы азаматтар 524 мемлекеттік қызмет алды.4171 теңге сомасына 39 нотариаттық іс-әрекеттер жасалды, 74 мемлекеттік қызмет көрсетілді (тасымалдау-21,нысаналы мақсатын өзгерту-3, сауда-саттықты талап етпейтін жер учаскелерін ұсыну -25, бас тартылды-25). Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ауылдық округі аппаратында картридер пайдаланылады, яғни ХҚКО бармай-ақ көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-мен SMS-құпиясөз боласа,  қызмет ала-алады. Туғандарды және қайтыс болғандарды уақтылы тіркеуге бақылау жүргізіледі, туылғандар -28 бала, өлім жағдайы-35. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін әкімінің аппаратында пандус пен шақыру түймесі орнатылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кедергісіз қол жетімділігі мен ыңғайлылығы үшін әкім аппараты бірінші қабатқа көшті.

 

 

Әскери міндеттілермен жұмыс: Жастарды әскери қызметке қабылдау бекетіне тағайындай отырып, әскери борышын өтейтіндерді тіркеу және тіркеуден шығару жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 148 әскерге шақырылушылар мен 410 әскери міндеттілер тіркелген (офицерлер -6; сержанттар -45; сарбаздар -359 адам). 2020 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 9 шақырылушылар жіберілді (жоспар - 9). Күзгі шақыру үшін жоспар 7-ге жеткізілді (орындалуда). Әскерге қабылдау пунктіне 2003 жылы туылған 18 азамат тіркелді.
Әкімдіктерді бағалаудың негізгі көрсеткіштері:1. Инвестициялық жобаларды іске асыру - 1 (1)
2. Сауда саласындағы меморандумдар жасау - 100%
3. Тұқымның өзгеруі - 217 бас.4.Создание мясных ферм — 1 (1)
5. Бұқаларды бордақылау алаңдарына жеткізу - 97 бас.
6. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының кірістер жоспарын орындау - 24558,9, 7293,5 (336,6%) жоспарымен салыстырғанда.
7. Шығындар жоспарының орындалуы - 14620,3 (100%)
8. Жаңа жұмыс орындарын құру - 54 (42)
9. Мүгедектерді жұмыспен қамту - 3 (3)
10. Персоналды қайта даярлау - 3 (2)
11. Мемлекеттік гранттар - 3 (3)

  1. Шағын несие — 1?
  2. «Бастау-Бизнес» оқыту - 3 (3)
  3. ӘЖО — 11 (3)
  4. Қоғамдық жұмыстар — 10 (11)
    16. Жаңа форматтағы АӘК - 18 отбасы (18)

 

 

Назарларыңызға рахмет!

 

Дата публикации
08 января 2021