Атамекен ауылдық округінің әкімі Д. К. Қапезовтің «Атамекен ауылдық округінің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы» есебі

Ауылдық округке 6 елді мекен кіреді – Атамекен ауылы, Жасыл ауылы, Жарқайың ауылы, Жаңажол ауылы, Қаражар ауылы, Шиелі ауылы онда 2014 адам тұрады

Ауылдық округте 7 ЖШС; ШҚ 22; ЖК 20 тіркелген және жұмыс істейді.

 

1.Салықтық түсімдер

Салық жинау 6 түрі бойынша жүргізіледі: кәсіпкерлерден ЖТС, мүліктік салық, жер салығы, жеке тұлғалардан көлік салығы, заңды тұлғалардан көлік салығы, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.

Ағымдағы жылға 2 600 жылдық жоспар бойынша округ бюджетіне 4 543 мың теңге салық түсті. Асыра орындау 178% - ды құрайды.

Атамекен ауылдық округі әкімі аппаратымен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілуде.

  1. Округке инвестиция көлемі - 361,0 млн.теңгені құрады. Оның ішінде жеке инвестициялар - 198 млн.теңге.

Мәселен, ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту – 2017-2021 жылдар» бағдарламасы бойынша:

Шағын несие алғандар: мал шаруашылығын дамытуға жалпы сомасы 28,5 млн. теңгеге 9 адам (Қаражар а. – 7 адам; Жасыл а. - 2 адам). Осылайша өз ісін бастап, жаңа жұмыс орындарын ашып, материалдық жағдайын жақсартты.

Гранттық қаржыландыру:

Жоспар бойынша - 5, 8 адам оқудан өтті. Бурабай ауданының жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 тұрғын әрқайсысына 555 600 теңгеден, жалпы сомасы – 3 282,8 мың теңгеге гранттық қаржыландыруға ие болды. Атамекен а. – 3 адам, (Хахан Ағила, Мырзаш Үміт, Касенова Гульмира), Жаңажол а. - 5 адам (Абзалбек Тілеген, Майылхан Жаныбек, Чулгумбаев Талғат, Есмуханова Галия). Ірі қара мал мен ұсақ мал сатып алып, өз ісін ашты.

 

3.Еңбек нарығы

Әлеуметтік-жұмыс орындарын құру, жастар практикасын ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру: жоспар бойынша 5 адам әлеуметтік жұмыс орындары құрылды, 8 адам жұмысқа орналастырылды, жастар практикасына 1 адам қабылданды, қоғамдық жұмыстарға жоспар бойынша 13 адам, 13 адам қабылданды, ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру 2021 жылға жоспар 3 адамды құрады, 5 адам жұмысқа орналастырылды, жаңа жұмыс орындарын құру жоспарымен – 35 адам, округ кәсіпорындарымен 35 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 100% құрайды.

Ауылдық округ әкімінің аппараты және ауылдық округтің АӘК ассистенті елді мекендердің тұрғындарымен әңгімелесулер өткізді, жаңа форматтағы АӘК ресімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 17 отбасы, 76 адам АӘК рәсімделген (көп балалы, толық емес отбасылар). Бұл отбасыларға 8 675 050 теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

Округ бойынша жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауды және төлеуді – 2 отбасы алды

 

  1. Ауыл шаруашылығы:

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ЖК «Абдрахманов» ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жобасын іске асырды. Жобаның құны 79 млн.теңге «Бұланды» КТ бойынша жобаның құны 42 млн.теңге., ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу. Өнімділігі 5 тн/ сағ. жемшөп цехының құрылысы аяқталды, жобаның құны 48,0 млн.тг..

«Шиелі – Агро» ЖШС өз қаражаты есебінен 40 млн.теңге сомасында қараша айында 200 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысын аяқтады.

Қазіргі таңда «Мұса 2020» ЖШС қаржылай қолдау қоры арқылы ет бағытындағы 50 бас асыл тұқымды ІҚМ сатып алу үшін 30 млн.теңге сомасында несие алуға құжаттар пакетін рәсімдеді. Қаржыландыру 2021 жылдың бірінші тоқсанында күтіледі.

Тұқымдық түрлендіру аясында жоспар 659 бас. 663 бас орындалды, 101%.

Округ аумағында 4 ірі ауылшаруашылық құрылымдары жұмыс істейді: «Қаражар 2015» ЖШС, «Шиелі Агро» ЖШС, «Айдос» ЖШС, «Атамекен» АШК, 23 ШҚ. Округ бойынша дәнді дақылдарды жинау алаңы 11500 га құрайды, жалпы округтің ауыл шаруашылық құрылымдары егін жинау жұмыстарын сәтті жүргізді. Орташа өнімділік 19,5 ц/га құрады.

       

  1. Өтініштер және Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс.

Жұмыс жоспарына сәйкес есепті кезеңде халықпен 12 жиын өткізілді, онда келесі мәселелер қарастырылады: абаттандыру, ауылдарды санитарлық тазалау, тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, мал жаю туралы және т. б.

Нақты жұмыстар атқарылды: жеке және заңды тұлғалардың – 5, заңды тұлғалардың - 2 өтініштері қаралып, оларға уақытылы жауаптар берілді.

Атамекен ауылдық әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтің 7 түрі бойынша 157 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 45, «Шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну» – 23, «Электрондық үкімет» порталы бойынша-89 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Әкім аппаратының ғимаратында халық үшін "Е-gov" кіру бұрышы орнатылған. Коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты Қазақстанда осы уақыт кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алудың жалғыз тәсілі «Электрондық үкімет» порталы болды. Ауылдық округ әкімінің аппараты кез келген уақытта қандай да бір мемлекеттік қызметтерді алуда практикалық көмек көрсетуге дайын.

  1. Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу.

Бурабай ауданы әкімдігінің қаулыларын орындау үшін ауылдық округ аппаратымен елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді, объектілер мен көшелерге жауапты тұлғалар мен ұйымдар бекітілді.

Таза бейсенбілер мен сенбіліктер өткізілді, оған 220-ға жуық адам қатысты, 900 тонна қоқыс, қалдықтар шығарылды, 4 стихиялық қоқыс үйінділері жойылды, қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлердің қасбеттері мен қоршаулары жөнделді.

Дүкендердің, кәсіпорындардың қасбеті жөнделді, аумақтар абаттандырылды, ағаштар отырғызылды. Гүлзарлар жаңартылып, ағаштар мен бағаналар әктелді.

  1. Халықты сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс.

Атамекен ауылдық округінің су құбыры желілері ауданның ТКШ теңгерімінде.

Атамекен, Қаражар, Жаңажол ауылдарының су құбыры желілеріне қызмет көрсететін кәсіпорын ШЖҚ «Бурабай Су Арнасы» МКК болып табылады, Жасыл ауылының су құбыры қызмет көрсететін ұйым халыққа суды үздіксіз беруді қамтамасыз ететін «Теміржолсу – Көкшетау» ЖШС болып табылады.

Ағымдағы жылдың қараша айында ауылдық округ бюджеті есебінен Жасыл ауылының су құбырына 1 530 мың теңге сомасында ағымдағы жөндеу жүргізілді (авриялық учаскені ауыстыру (1,0 км))

Атамекен, Қаражар, Жасыл ауылдарының су құбыры желілерінің қызмет ету мерзімі 50 жылға жуық, құрылыстың жай-күйі авариялық, су құбыры желілерін қайта жаңарту талап етіледі. Бурабай ауданының құрылыс бөлімімен «Жасыл, Қаражар А.су құбыры желілерін қайта жаңарту», «Шиелі, Жаңажол ауылдарың су құбыры желілерінің құрылысы» ЖСҚ әзірлеуге конкурс өткізілді. Келесі мердігерлер анықталды:

Қаражар ауылындағы «Жетісу гипрострой» ЖШС (су құбыры желісін қайта жаңартуға ЖСҚ-ға 8 035 714 тг), Шиелі а. (8 035 714 тг. су құбыры желісінің құрылысына ЖСҚ), Жасыл а. (8 035 714 тг. су құбыры желісін қайта жаңартуға ЖСҚ-ға);

«Прикаспийское управление строительства» ЖШС Жаңажол а. (6 250 000 тг. ЖСҚ әзірлеуге арналған); жоғарыда көрсетілген жұмыстарды қаржыландыру «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасы бойынша жүргізіледі. 2020 жылдың соңында ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар басталды.

 

  1. Жол желісін дамыту, қоғамдық көлікті ұйымдастыру бойынша жұмыс.

Бурабай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № а-11/463 қаулысы негізінде ауылдық округтің кентішілік жолдары әкім аппаратының теңгеріміне қабылданды.

Ауылдық округтің жолдарын қысқы күтіп ұстау, шұңқырларды жөндеу, ҚОҚМ, автомобиль жолдарын грейдерлеу «Смаилов» ЖК, «Қаражар 2015» ЖШС, "Шиелі Агро" ЖШС, "Жасыл АҚП"ЖШС округтің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен жасалған шарттар мен меморандумдар негізінде жүргізіледі.Жасалған меморандум негізінде «Қаражар-2015» ЖШС, «Шиелі Агро» ЖШС автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарын жүргізетін болады.

Атамекен және Жасыл ауылдарына кіретін жолдарды орташа жөндеуге ЖСҚ дайындалды.

Ауылдық округ тұрғындары үшін кестеге сәйкес Макинск – Қаражар-Щучинск – Көкшетау маршруттық рейсі «Байғожин» ЖК жеке автобусымен тұрақты түрде жүзеге асырылады.

 

  1. Білім

Ауылдық округ аумағындағы оқу орындарының ішінде 128 оқушыны қамтитын Атамекен ауылының бір орта мектебі жұмыс істейді;

Қаражар ауылының негізгі екі мектебі - 49 және Жасыл - 46 оқушы. Шиелі ауылындағы бір бастауыш мектеп-6 оқушы.

Мектеп жанында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталықтар жұмыс істейді.

Оқушыларды тасымалдау үшін 2 шағын автобус бар. Жарқайың және Қаражар ауылдарынан жоғары сынып оқушыларын Атамекен а. орта мектебіне, Шиелі ауылынан Макинск қаласының мектептеріне жеткізу жүзеге асырылады.

Ауылдық округте бір клуб жұмыс істейді: Шиелі ауылында халыққа арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі.

 

  1. Денсаулық сақтау

Округтің төрт елді мекенінде медициналық пункттер және 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді, онда 13 мед. қызметкерлер, оның ішінде 1 жалпы практика дәрігері, 2 бал. жоғары санатты қызметкер. Медицина қызметкерлері округ тұрғындарына уақытылы медициналық көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді.

 

 

 

Дата публикации
08 января 2021