Абылайхан ауылдық округі әкімі Көбенов Ж.Н. «Абылайхан ауылдық округінің 2020 жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылға белгіленген мақсаттар туралы» ЕСЕБІ

Абылайхан ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықтың әлеуметтік - демографиялық құрамын ескере отырып, экономикалық жағдайына сәйкес жоспарланады, мемлекет басшысы бекіткен бағдарламалар құжаттарына, облыс, аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуына сәйкес жұмысын ұйымдастырады.

Жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық экономиканың дамуын сипаттайтын барлық көрсеткіштер өткен жылға қарағанда көпшілігі жоғары.

 

Демографиялық көрсеткіш

Ауылдық округ бойынша халықтың саны – 2253 адамды құрайды, соның ішінде Қызылағаш ауылында- 1012 адам, Қарабаур ауылында – 194 адам, Озерное ауылында – 153 адам және Ақылбай ауылында – 894 адам.

Экономикалық белсенді халық -1159 адам, жұмыс істейтіндер саны - 815 адам, зейнеткерлер саны – 373, адам және әр топтағы мүгедектер саны - 120 адам.

 

Инвестициялық тарту

Ауылдық округ бойынша 2020 жылмен салыстырғанда 2020 жылға арналған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 65 млн теңгені немесе 95% құрайды. Стратегиялық бағыт ауылдық жерлерді дамыту болып табылады.

 

Салық және бюджет

Осы 2020 жылда 5 802 000 теңге салық жиналды, оның ішінде мүлік салығы – 57 000 теңге, жер салығы – 645 000 теңге, авто көлік салығы - 4 728 000 теңге, төлем көзінен салық салынбайтын жеке табыстар салығы 372 900 теңге.

 

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша

2020 жылы "Игілік" бағдарламасы бойынша: Уалиев К.  ірі қара мал сатып алуға, Шешмуканов К. ірі қара мал сатып алуға несие алды.

Грантқа ие болғандар: Кусайнова Б.-530 200 теңге, Байсултанова А. -520 200 теңге, Шарипов Д. -555 600 теңге, Хасенов М.- 555 600 теңге, Асылбекова К. -277 800 теңге, Хамзина А. -555 600 теңге, Аманбаева Р. -555 600 теңге.

Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуде қосалқы шаруашылық үлкен көмек болып табылады. 2020 жылдың аяғында: ірі қара мал - 2893 бас, ұсақ мал - 4912 бас, жылқы - 1195 бас, шошқа - 312 бас, құс - 7839.

Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты азайту

Абылайхан ауылдық округі әкімінің аппаратына қоғамдық жұмысқа 10 адам тартылды. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, барлығы жұмыспен қамтылды.

3 жұмысқа жарамды мүгедек жұмыспен қамтылды.

9 отбасы (43 адам отбасында) жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті алып отыр. Барлығы да жұмыспен қамтылды.

 

Орташа айлық жалақыны көтеру.

Халықтың табыс деңгейі жалақы мөлшері, зейнетақы, олардың индекстеу және уақытылы төлем жиелігі болып табылады.

ЖШС, ШҚ, ЖК басшыларымен бірге жұмысшылардың жалқысын арттыру үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Жыл сайын, егін егу және жинау кезінде ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызметкерлеріне еңбекақы арттырылуда. Ауылдық округте орташа жалақы көлемі 98 000 теңгені құрайды.

Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, аудандық әкімдігімен, жұмыс беруші және кәсіподақ арасында өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, еңбек құқықтары мен жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде меморандум жасалды.

 

Жер қатынастарын реттеу

Абылайхан ауылдық округі әкімінің аппаратында кезекте тұрған жеке тұлғаларға, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алу жүзеге асырылуда. Жер учаскесін алуға кезекте 140 өтініш беруші тіркелген.

 

Жергілікті қауымдастықпен өзара әрекеттесу.

2020 жылы ауылдық округ бойынша жергілікті қоғамдастықтың 3 отырысы өтті, онда кіріс трансферттер ЖҚ қаражатты бөлу туралы мәселесі қаралды.

Ауылдық округінің 2020 жылда бюджеті 100 % меңгерілді.

 

Халықты ауыз сумен қамту

Қызылағаш, Ақылбай, Озерное ауылдарында сумен жабдықтау орталықтандырылған. Жоғарыда аталған елді мекендердің тұрғындары жеке үйлерді сумен жабдықтауды өздері жүргізді. Қарабауыр ауылында сумен жабдықтау орталықтандырылмаған.

 

Аббатандыру, көгалдандыру және елді мекендерді санитарлық тазалау бойынша жұмыстар.

Бурабай ауданы әкімдігінің «Елді мекендерде көктемгі санитарлық тазалау, абаттандыру, айлық өткізуі туралы» қаулысын орындау мақсатында ауылдық округ әкімі үш айлық санитарлық тазарту, көгалдандыру және елді мекендерді аббандыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Халықпен 8 кездесу, 10 сенбілік өткізілді. Қызылағаш ауылында жыл сайын 200 тоннаға жуық қоқыс пен көңді жеке меншік иелері жүйелі түрде шығарады.

Мектеп ғимараты мен ауылдық округте 20 түп ағаштар мен бұталар отырғызылды. Қоғамдық ғимараттар және жеке меншік үйлердің қоршаулары жөнделіп жаңартылды.

 

Ауылдық округ мектептерінің жылу маусымына дайындығы.

Ауылдық округ бойынша мектептер 2020-2021 жылдары жылу маусымына 100% дайын. Көмірдің қажеттілігі әлеуметтік сала бойынша ауылдық округте 729 тоннаны құрайды.

 

Өнеркәсіп пен шағын  бизнесті дамыту:

Аулдық округ бойынша орта және шағын бизнес дамыған: 11 дүкен, 2 авто көлік жөндеу шеберханасы, 2 наубайхана, 4 асхана жұмыс істейді.

Ауылдық округте апта сайын әлеуметтік маңызды тауарлар бағасына мониторинг жүргізіледі.

 

Әлеуметтік қызмет көрсету

Жергілікті өкілді органдардың шешімімен емделуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына және көп балалы отбасыларға 3 адамға жалпы сомасы 125 010 теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Мектептерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар бар. Ауылдық округ әкімдігі ғимаратына кіре берісте қоңырау шалу түймесі орнатылған.

 

Білім саласы

Округте 3 мектеп (2 орта және 1 бастауыш) және мектептер жанындағы 4 шағын орталық жұмыс жасайды. Барлығы 250 оқушы және 99 тәрбиеленуші бар.

Ауданның барлық мектептерінде компьютерлік сыныптар мен интерактивті тақталар, Интернетке кіру және медициналық кабинеттер бар.

 

Денсаулық саласы

Денсаулық сақтау жүйесіне Ақылбай ауылындағы 1 дәрігерлік амбулатория, Қызылағаш ауылда 1 акушерлік пункт, Қарабауыр және Озерное ауылдарында 2 медициналық пункт кіреді. Медицина қызметкерлерінің саны - 12 адам.

Денсаулық сақтау саласындағы басты мәселе Қызылағаш ауылында дәрігерлік амбулаторияға арналған типтік бөлменің және Ақылбай және Қызылағаш ауылдарында дәріханалардың болмауы.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру шаралары қабылдануда. Әкімшілік ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттары халық назарына ұсынылады.

Жыл сайын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептер талқыланып, ауылдық округінің әкімі сайтында жаңартылады.

Бір жыл ішінде – 30 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Дата публикации
08 января 2021