2020 жылдың қаңтар-ақпанындағы Бурабай ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің есеп беру кездесулерінде тұрғындар айтқан ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау (2020 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша)

 

Р/н №

Іс-шаралар

 

Орындау мерзімі

Орындалуына жауаптылар

Қаржыландыру көзі

Орындалуы

 

1

Оқжетпес ауылындағы Мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

2020 жылғы

01 қарашаға дейін

 «Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

 

 

Облыстық бюджет

Орындалуда

Облыстық бюджеттен Оқжетпес ауылының мәдениет үйі ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмысына 100 млн. теңге бөлінді. 2020 жылғы 26 ақпанында мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланып, Бурабай ауданы прокуратурасының 2020 жылғы 19 наурыздағы ұсынымы негізінде күші жойылды.

Конкурс қайта өткізілгеннен кейін "Көкшетау Хлеб Строй" ЖШС-мен 70082,16678 м.т. сомасына шарт жасалды. 13 жұмыс орны ашылды, жоспар бойынша 13. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап жөндеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жабынды қайта жаңарту және ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүгізілуде.

 

 

Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 136 бойынша КҚТҮ ауласын абаттандыру

2020 жылғы

25 желтоқсанға   дейін

 «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

Облыстық бюджет

Орындалуда

Бұрын әзірленген КҚТҮ ауласын абаттандыру жобасына 2020 жылғы 26 маусымдағы кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның сметалық құны 139,3 млн. теңге. ҚМЖ-ға, техникалық және авторлық қадағалауға шарттар жасалды. Жұмыстар а.ж. 04 тамызында басталды. Пайдалануға беру күні а.ж. 31 желтоқсаны.

 

3

Сарыбұлақ ауылындағы белгісіз сарбазға ескерткішті абаттандыру

2020

 01 тамызға  дейін

 «Бурабай ауданының Бурабай кенті әкімінің аппараты» КММ

Жергілікті бюджет

Орындалды

Сарыбұлақ ауылындағы белгісіз сарбаз ескерткішіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді: ақталды, сырланды, ағаш қоршауы ауыстырылды, жақын маңдағы аумақ қоқыстан тазартылды.

 

4

Щучинск-Николаевка автобус қатынасын ашу

2020 жылғы

30 желтоқсанға  дейін

«Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

-

Орындалуда

Ағымдағы жылдың шілде айында Бурабай ауданы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына қайта конкурс жарияланды, ол қатысуға өтінімдердің болмауына байланысты өтпеді деп танылды.

Конкурс а.ж. қыркүйегінде қайта  жарияланды.

 

 

Барлығы: 4 ұсыныс

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 октября 2020