2026 жылдың 1 қазанына арналған жергілікті бюджеттің негізі параметрлері жөнінде қысқаша ақпарат

2026 жылдың 1 қазанына  арналған жергілікті бюджеттің негізі параметрлері жөнінде қысқаша ақпарат

 

         
 

Жергілікті бюджет  –  Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті ауданда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан бюджеті болып табылады.

 

Ауданның жергілікті бюджеті аудандық мәслихат шешімімен бекітіледі

 
   

 2009 жылдан бастап ҚР-нда үш жылдық кезеңге арналған бюджет әзірленіп жатыр

 

 

«2026-2028 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» Бурабай аудандық мәслихаттың              2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-39/1 шешімі макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамы негізінде қалыптастырылды  және «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Бурабай аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № а-12/464 қаулысымен іске асырылды. Нақтылау Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы    № 8С-39/1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Бурабай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 8С-48/1 шешімімен жүргізілді және Бурабай ауданы әкімдігінің ««2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың шешімін жүзеге асыру туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы  25 желтоқсандағы № а-12/464 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 9 қыркүйектегі                   № а-9/284 қаулысы негізінде жүзеге асырылды.

Дата публикации
17 сентября 2026