«Бурабай ауданының экономика және қаржы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 «Бурабай ауданының экономика және қаржы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1-тарау. Жалпы ережелер

        

  1. «Бурабай ауданының экономика және қаржыбөлімі» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтауына, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-қимылдары мен мінез-құлық қағидаларын айқындайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, Мекеме қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың негізгі міндеттері:

1) Мекеме қызметкерлерінің тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез                 -құлқын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу;

3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау және олардың алдын алу;

4) қызметкерлердің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің деңгейін арттыру;

5) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету;

6) басқарушылық және өзге де шешімдерді қабылдау кезінде ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт:

 

1) Мекеме өз функцияларын жүзеге асырған және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кезде қолданылады;

2) Мекеме қызметкерлеріне олардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде қолданылады;

3) қызметтік қызметті жүзеге асыру, басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ескеріледі;

4) Мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына және Мекеменің ішкі құжаттарына сәйкес сақтауға тиіс.

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Мекеме қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

Дата публикации
16 сентября 2026