2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7% -ға арттырылады.
2021 жылы жаңадан тағайындалған зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін ең жоғары табыс 46 АЕК-тен аспауы керек (134 182 теңге).
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері; мүгедектік бойынша және асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, бала кезінен 1-ші топтағы мүгедек балаға күтім жасайтын отбасыларға (тұлғаларға) мемлекеттік жәрдемақы КМ мөлшерінің 5%-ға өсуіне байланысты 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.
№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері, бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін,оған күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, «Күміс алқа» немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған және «1,2 дәрежелі Аналық Даңқы» орденімен марапатталған, 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап АЕК мөлшерінің 5% өсуіне байланысты арттырылады.