2026 жылдың 1 мамырына арналған жергілікті бюджеттің негізі параметрлері жөнінде қысқаша ақпарат
«2026-2028 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» Бурабай аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-39/1 шешімі макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамы негізінде қалыптастырылды және «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Бурабай аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № а-12/464 қаулысымен іске асырылды. Нақтылау Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-39/1 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Бурабай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 8С-43/1 шешімімен жүргізілді және Бурабай ауданы әкімдігінің ««2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың шешімін жүзеге асыру туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № а-12/464 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 30 сәуірдегі № а-/140 қаулысы негізінде жүзеге асырылды.
1-кесте
«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 239-VIII ҚР Заңымен қабылданған 2026 жылғы негізгі әлеуметтік көрсеткіштер
|
Көрсеткіштер
|
2026 ж.
|
|
Өмір сүру минимумы
|
50 851
|
|
Зейнетақының ең төмен мөлшері
|
69 049
|
|
Базалық зейнетақы
|
35 596
|
|
Жалақының ең төмен мөлшері
|
85 000
|
|
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)
|
4 325
|