
Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Бурабай аудандық жастар ресурстық орталығы» ақпараттық – әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу және жастар бастамаларына қолдау көрсету, жастар арасындағы жағдайды маниторингтеу мен талдауды жүзеге асыратын ұйым. Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 243 бұйрығымен бекітілген «жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ереже» бойынша реттеледі. Орталықта персоналды басқару, жастар жобалары мен шығармашылығы, консультациялық қызмет көрсету, ақпарат және жастардың салааралық қарым қатынасын үйлестіру бөлімдері жұмыс атқарады.