
Жұмыспен қамту
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) кімге көрсетіледі?
Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 %-ы) аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.
Шартсыз ақшалай көмек көрсетіледі:
1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін шараларға қатысу мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) аз қамтылған жалғызбасты тұлғаларға:
зейнеткерлік жасқа жету;
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктік болғанда;
екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурудың болуы;
2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі
Шартты ақшалай көмек:
Шартты ақшалай көмекті алушылармен әлеуметтік келісімшарт шартты ақшалай көмек тағайындау кезеңіне жасалады.
Әлеуметтік келісімшартты бұзу адамға (отбасына) шартты материалдық көмек төлеуді тоқтатуға негіз болып табылады.
1) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
2) күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттер, тыңдаушылар, курсанттар және магистранттар;
3) екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарға;
4) үш жасқа дейiнгi балаға күтiмді жүзеге асыратын ата-ананың бiреуіне, мүгедектігі бар балаға, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарт адамдарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға.
Үш жасқа дейiнгi балаға күтiмді жүзеге асыратын, мүгедектігі бар балаға, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарт адамдарға күтім жасау отбасының бірі ғана еңбекке қабілетті мүшесі болып саналады.
5) тұрақты жұмысы бар адамдар.
Атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпаратты қайдан алуға болады?
Атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша «Мансап орталығының» филиалына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне хабарласады.
Әңгімелесу кезінде өтініш беруші өз атынан немесе отбасы атынан өтініш береді. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) жеке қосалқы шаруашылықтардың болуы туралы мәліметтер;
3) банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;
4) баланың туу (қайтыс болған) туралы куәлігі (барлық балалар үшін)
5) некені (некені бұзуды) тіркеу туралы куәлік;
6) алимент өндіру және (немесе) ол бойынша берешектің болуы туралы қаулы:
7) тұрғын үйге, жер учаскесіне немесе көлік құралына меншік құқығында болуы туралы мәлімет:
8) 18-23 жас аралығындағы асырауындағылар күндізгі оқу нысанында оқитын болса, оқу фактісі туралы.
Еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне қосымша мына құжаттар тапсырылады:
1) жұмыс іздеуші ретінде тіркелу туралы өтініш;
2) еңбек қызметін растайтын құжат, Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі жүйесінен анықтама.
Тұрғын үй көмегі кімге көрсетіледі?
Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығындағы тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі, сондай-ақ Бурабай ауданында тұратын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға).
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхаты бар өкілі) мынадай құжаттарды ұсына отырып, Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінеді:
балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
Тұрғын үй көмегін төлеу
Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
Протездік-ортопедиялық көмекті қалай алуға болады, кімге көмек көрсетілуі мүмкін, қызметті қалай алуға болады?
Протездік-ортопедиялық көмек-мүгедектерді протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бойынша Медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі (аурудың немесе денсаулықтың зақымдануы салдарынан ағзаның бұзылған немесе жоғалған функцияларын өтейтін, аяқ-қолдардың немесе дененің басқа бөліктерінің орнын басатын құралдар) және оларды пайдалануды үйрету.
Кімге көмек көрсетілуі мүмкін? Қызметті 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, ОЖБ әзірлеген мүгедектігі бар балалар (мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы), Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар ала алады.
Қызметті қалай алуға болады? Өтініш беру қажет. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі–Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2)"ҚР Электрондық үкіметі" веб-порталы арқылы.
Өтінішке жүгінген кезде мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) мүгедектің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) заңды өкілдің немесе сенімхат алған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі — көрсетілген адамдар өтініш берген кезде;
3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық және (немесе) ауылдық әкімдердің анықтамасы);
4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
5) ОЖБ үзінді көшірме.
Еңбекте мертігуден немесе кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдарды алуға өтініш берілген жағдайда қосымша мәліметтер сұратылады:
1) мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт;
2) жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе кінәсінен еңбек мертігуі немесе кәсіптік ауруы алынған заңды тұлғаны тарату туралы мәліметтер.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектігі бар адамдар және Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар өтінішке Ұлы Отан соғысына қатысушының, мүгедектігі немесе жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаның куәлігін қоса береді.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мүгедек адамдарға протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.
Тифлотехникалық құралдар және міндетті гигиеналық құралдарды қалай алдады. Құралдарды кім ала алады?
Тифлотехникалық құралдар - көру кемістігі нәтижесінде мүгедектердің жоғалған мүмкіндіктерін түзетуге және өтеуге бағытталған құралдар. Міндетті гигиеналық құралдар — табиғи физиологиялық қажеттіліктер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар. Құралдарды 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар ала алады.
Құралдарды қалай алуға болады? Өтініш беру қажет. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация);
2)"ҚР Электрондық үкіметі" веб-порталы.
Өтінішке жүгінген кезде мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) заңды өкілдің немесе сенімхат алған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі — көрсетілген адамдар өтініш берген кезде;
3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық және (немесе) ауылдық әкімдердің анықтамасы);
4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
5) ОЖБ үзінді көшірме.
Еңбекте мертігуден немесе кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдарды алуға өтініш берілген жағдайда қосымша мәліметтер сұратылады:
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мүгедектігі бар адамдарды техникалық - көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.
Кресло-арбаларды қалай алуға болады, кім ала алады, ол үшін не қажет?
Арнайы қозғалыс құралдары-мүгедектігі бар адамдардың белсенді және пассивті қозғалысына арналған техникалық көмек түрі.
Кресло-арбаларды кім ала алады? Кресло-арбаларды 1, 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар ала алады.
Кресло-арбаларды қалай алуға болады?
Өтініш беру қажет.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация);
2)"ҚР Электрондық үкіметі" веб-порталы.
Өтінішке жүгінген кезде мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) заңды өкілдің немесе сенімхат алған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі — көрсетілген адамдар өтініш берген кезде;
3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық және (немесе) ауылдық әкімдердің анықтамасы);
4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі; 5) ОЖБ үзінді көшірме.
Мүгедектігі бар адамдардың еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан зардап шегуіне өтініш берген жағдайда қосымша мәліметтер сұратылады:
1) мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт;
2) жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе кінәсінен еңбек мертігуі немесе кәсіптік ауруы алынған заңды тұлғаны тарату туралы мәліметтер. Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.
Жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметтерін қалай алуға болады, бұл қызметтерді кім ала алады және ол үшін не қажет?
Жеке көмекші – мүгедекті тұрғылықты жерінен баратын жеріне және кері қарай: жұмысқа, оқу орындарына дейін, сондай-ақ мүгедектігі бар адам жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, сотқа, өкiлдiк органдарға, прокуратураға, әлеуметтік объектілерге, заңды кеңес алуға, нотариусқа, мәдени-ойын-сауық іс-шараларына, спорт объектілеріне, сауда объектілеріне, медициналық мекемелерге, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына және басқа да ұйымдарға оқуға, жұмысқа орналасуға, ақпарат алуға, құжаттарды ресімдеуге, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және жүзеге асыруға байланысты мәселелерді шешу үшін оның барған кезде еріп жүруге шарт талаптары негізінде әлеуметтік қызмет көрсететін маман.
ымдау тілінің маманы – еститін және ести алмайтын адамдар арасында қарым-қатынас қызметін көрсетуге байланысты әлеуметтік қызметтерді көрсететін маман: конференцияларға, пікірталастарға және басқа да бұқаралық іс-шараларға мүгедектігі бар адамдардың қатысуы кезінде кәсіби аударма жасауды қамтамасыз ететін маман; есту қабілеті нашар адамды оқытуға, жұмысқа орналастыруға, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және іске асыруға, мемлекеттік органдардан және консультациялық ұйымдардан ақпарат алуға, қажетті құжаттарды дайындауға байланысты мәселелерді шешу үшін еститін адамдармен сөйлескен кезде қарым-қатынас орнататын маман.
Жеке көмекшінің қызметін қозғалу қиындығы бар 1 топтағы мүгедектігі бар адам ала алады.
Есту қабілеті нашар адамдар ымдау тілі маманының қызметін ала алады.
Жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерін қалай алуға болады?
Өтініш берілуі қажет. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) жергілікті атқарушы органдары;
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғы) – проактивті қызмет;
4) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал)
Өтініш берген кезде келесі құжаттар қоса беріледі:
Мемлекеттік корпорацияда, қалалық басқармаларда және жұмыспен қамту бөлімдерінде:
1) мүгедекті оңалтудың және абилитациялаудың жеке бағдарламасына сәйкес қозғалуы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке көмекшінің қызметтерін көрсетуге өтініш. (бұдан әрі – Қағидалар);
2) оның жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдан сенімхат алған адам жүгінген кезде нотариалды куәландыруды талап етпейтін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның сенімхаты.
Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, АОЖБ әзірленген қызметі туралы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде, Мемлекеттік корпорацияда, қалалық басқармаларда, жұмыспен қамту бөлімдерінде уәкілетті лауазымды тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мәліметтер электрондық құжат нысанында қабылданады..
Веб-порталға: өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметін көрсету үшін құжаттарды дайындау туралы хабарлама.
Санаторий-курорттық емдеу қызметтерін қалай алуға болады, кімдер санаторий-курорттық ем ала алады және ол үшін қандай құжаттар қажет?
Санаторий-курорттық емдеу емдеу қызметтерін кім ала алады?
1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдар мен балалар санаторий-курорттық емдеу қызметін ала алады.
Санаторий-курорттық емдеу қызметтерін қалай алуға болады?
Өтініш берілуі қажет. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініш берген кезде келесі құжаттар қоса беріледі:
1) мүгедектігі бар адамның және баланың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) заңды өкілдің немесе сенімхат алған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – осы адамдар өтініш берген кезде;
3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (ауыл және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы);
4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
5) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актінің және жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы құжаттың көшірмелері – мүгедек өндірістік жарақаттан және/немесе өтініш берген кезде; жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда кәсіптік ауру немесе кәсіптік ауру;
6) ОЖБ-дан үзінді көшірме.
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету ұзақтығы: 10 (он) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: санаториялық-курорттық емдеуді көрсетуге еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін қалай алуға болады ?»
Өтініш беру қажет. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің;
2)кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі); 3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Өтінішке жүгінген кезде мынадай құжаттар қоса беріледі:
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне:
1)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); 2)адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат. Адамның (отбасы мүшелерінің) табыстарына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмек алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер берілмейді. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада ұсынылады, содан кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
"Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу" Мемлекеттік қызметін қалай алуға болады?
Өтініш беру қажет. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
- еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш;
- жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртектер (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
Мемлекеттік шекарадан өткені туралы белгісі бар паспорт (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
- таңдалған мамандық бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін аурулардың жоқтығын растайтын шетелдікті медициналық куәландыру туралы анықтама (075/у нысанындағы медициналық анықтама);
- – осы Қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (көшіп келушінің алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде еңбек рұқсатын алғаны туралы мәліметтер болған жағдайда, саусақ ізін алу және суретке түсіру жүргізілмейді) - саусақ ізін түсіруден және суретке түсіруден өткені туралы анықтама;
- медициналық сақтандыру (сканерлеуден кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты.
- еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту туралы өтініш;
- жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртектер (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
еңбекші көшіп келушіге бұрын берілген рұқсат;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты
- медициналық сақтандыру (сканерлеуден кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).
- Қажетті құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күннен бастап өтініш келіп түскен күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні;