
ЩБКА туристік қызмет көрсету инфрақұрылымы 178 нысанды қамтиды. Олардың нөмірлік қорында 6403 нөмір бар ЩБКА-да орналастыру объектілерінің жалпы сыйымдылығы шамамен 13310 орынды құрайды.
Орналастыру объектілері көрсететін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында санаттылықты беру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні Бурабай ауданының аумағында 22 объект санаттық сертификатқа ие. Мәдени-тарихи сегмент 44 ескерткіштен тұрады, олардың көпшілігі мемлекеттің қорғауында және экскурсиялық бағдарламаларды қамтамасыз етуде пайдаланылады.
Туроператорлар ауданның арихи және киелі жерлері бойынша маршруттар әзірленді.
Бес бағыт абаттандырылды ("Кенесары үңгірі", "Ыбырай ізі", "табиғат аясында қонақта"," Оқжетпес жартасы", "Көкшетауы"). Үш тілде маршруттар туралы ақпараты бар стендтер, қашықтық белгілері бар қозғалыс бағытының көрсеткіштері орнатылды.
Экологиялық туризмді дамыту мақсатында 29 экскурсиялық маршрут әзірленді және бекітілді, оның ішінде: 19 жаяу, 2 атты, 1 велосипед, 1 су және 6 автобус. ЩБКЗ аумағында "RixosBorovoe" қонақүй кешенінде орналасқан 1 ойын мекемесі-"CashVille" казино жұмысістейді. 15 туристік фирма жұмыс істейді, оның ішінде 14 заңды тұлға және 1 ЖК. Ауданның туристік фирмалары туристің саяхат кезеңінде және осы саяхатқа байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті қызметтердің барлық спектрін ұсынады (орналастыру, тасымалдау, тамақтану, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гид-аудармашылардың қызметтері және сапардың мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).
Щучье, Бурабай көлдерін бойлай және карт – схемаларды (жаяу жүргіншілер жолдары 27,6 км, велосипед жолдары 28 км) орнатумен Ұлутасқа дейін жаяу және велосипед жолы жұмыс істейді.
Бурабай кентінің аумағында жазғы кезеңде 9-дан астам қайық жалға беру пункті жұмыс істейді.
Полиция департаменті туристік полиция құру жөніндегі Жол картасына сәйкес, "Бурабай" курорттық аймағына қызмет көрсету үшін 2019 жылы 5 штат бірлігі енгізілді.
Жыл сайын Туризм инфрақұрылымы объектілерінің саны артып келеді. Бүгінгі күні 10 инвестициялық жоба іске асырылу сатысында, 4 жоба бойынша жұмыстар аяқталды.
Бүгінгі таңда курорттық аймақ аумағында 16 жұмыс істейтін СМУ бар (1 - Абылай хан алаңы, 6 – Көгілдір шығанақ, 1 - "Байтас" қонақ үйінің жағажайы, 1 - "Нептун" қайық станциясы, 4 – орталық жағажай ауданы, 3 - "Айнакөл" қонақ үйінің ауданы), олар жеке меншікте және ақылы болып табылады.