Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Халбаев Ержан Әбдалыұлы
аудан әкімінің орынбасары
Общая информация, образование

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резервінің 2025 жылғы мүшесі Халбаев Ержан Әбдалыұлы Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Қазіргі уақытта әлеуметтік саланы жетекшілік етеді.

1990 жылғы 26 маусымда Түркістан облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша тәмамдаған, Ұлыбританиядағы Манчестер университетінде даму қаржыландыруы саласы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының, Mohammed bin Rashid School of Government (БАӘ) көшбасшылық бағдарламасының түлегі, сондай-ақ персоналдың сәйкестігін бағалау бойынша аттестатталған сарапшы-аудитор болып табылады.

Еңбек жолын 2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде сарапшы ретінде бастаған. Кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2022–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында басшылық қызметтер атқарды.

2025 жылғы наурыз айынан бастап «ICert» халықаралық сертификаттау орталығының бас директоры қызметін атқарған.

«Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам» бағыты бойынша Президенттік жастар кадр резервіне енгізілген

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы