Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру шеңберінде микрокредит алуға үміткерлер:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) жұмыссыздар;
3) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған дара кәсіпкерлер;
4) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын адамдар;
5) жеке қосалқы шаруашылықта сату (айырбастау) үшін өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдар;
6) қызметін "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" және "Өндірістік кооператив туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асыратын кооперативтер, сондай-ақ кооператив мүшелері;
7) дара кәсіпкерлер болып табылады.
Микрокредиттер осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген үміткерлерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып мынадай талаптармен беріледі:
1) микрокредит мерзімі – ауыл шаруашылығы түрлері емес бизнес үшін 5 (бес) жылға дейін, ауыл шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 2 500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткішке дейін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі жобалар үшін – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін.
Бұрын алынған микрокредит бойынша міндеттемелерді толық орындаған үміткерлерді қайта кредиттеу кезінде микрокредиттің ең жоғары сомасының мөлшері 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғаяды, бірақ екі реттен аспайды. Бұл ретте микрокредиттер бағдарлама үміткерлерінің қайтарылған қаражаты есебінен, бірақ микрокредиттің ең ұзақ мерзімінің 1/2 (екіден бір бөлігі) бөлігінен кешіктірілмей беріледі;
Кооперативтерді дамыту үшін – 8 000 (сегіз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін.
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыздан аспайды;
4) кепілдік қамтамасыз етудің болуы;
5) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 12 (он екі) айынан аспайды;
6) микрокредит беруге өтінімдер ауылдық округтердің басым бағыттарына сәйкес талдамалық ақпарат негізінде қаралады.
Микрокредиттер мынадай мақсаттарға берілмейді:
2025 жылджың 13 наурызы күнісағат 10-00, 12-00 және 15-00«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) онлайн-форматта Ашық есік күнін өткізеді.
Тақырыбы: «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?».
БЖЗҚ мамандары зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. мәселелер туралы баяндап береді. Салымшының бүгінгі жалақысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын айқындайтын "кірісті алмастыру коэффициенті" ұғымына ерекше назар аударылатын болады.
Қор қызметкерлері тәжірибеде болған мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, төлем механизмін түсіндіреді, қызықтырған сұрақтарға жауап береді. Ашық есік күнінің негізгі тақырыбын насихаттай отырып, мамандар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша ақыл-кеңес береді.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://bit.ly/Akm0325
Еvent-мәжіліс нөмірі: 2510 790 7502
Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 1234
Әлеуметтік нысандардың жанында жол таңбаларын жүргізу - азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығына тікелей әсер ететін маңызды міндет. Мектептер, ауруханалар, балабақшалар және мәдениет мекемелері сияқты әлеуметтік нысандар көптеген адамдарды, оның ішінде балаларды тартады. Сондықтан осы объектiлердiң жанында жол қозғалысын дұрыс ұйымдастырудың бiрiншi кезектегi маңызы бар.
Қатаркөл ауылдық округінде балалардың жолдан қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргіншілер мен жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүргізілді, Жалпы 5 таңба жаңартылды.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз. Жол қозғалысы ережелерін бұзбаңыз!
Бұл «Таза Қазақстан» акциясы аясында Катаркөл
көлінің жағалауын тазарту бойынша тамаша іс — шара болды,
онда әртүрлі кәсіптегі адамдар біздің жағалауларымызды таза ету үшін бірікті.
Акцияның барлық қатысушылары құлшыныспен жұмыс істеді, қоқыс жинады.
Олардың күш-жігерінің арқасында біздің жағалауларымыз таза болды!
Ақмола облысының тұрғындары арасында мемлекеттік қызметтерді белсенді алу әлі де танымал. Осылайша, олар SMSарқылы мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш бере алады. Бұл жағдайда оларға халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ.
Осы проактивті қызметті алудың міндетті шарты азаматтардың деректер базасындаұялы телефон нөмерін тіркеу болып табылатынын ескертеміз. Ол үшін азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығының кеңсесіне хабарласуы немесе электронды үкімет порталында тіркелуі қажет.
Ары қарай қызмет алушының өтінішінсіз, 1414 қысқа нөміріне келетін SMS-хабарламаларынажауапалу арқылы қызмет іске асырылады. Қатысты жәрдемақыны тағайындағаннан кейін қызмет алушыға тағайындалған жәрдемақы сомасы туралы хабарламасы қызмет алушының абоненттік нөміріне қысқа мәтінді хабарлама ретінде келеді.
Барлық қосымша сұрақтар бойынша Ақмола облысының тұрғындары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесі»әлеуметтік-еңбек саласындағы Бірыңғай байланыс-1411 орталығына хабарласа алады (қоңырау шалу тегін).
«Азаматтарға арналған үкіметтегі» төрт ай ішінде 111 байланыс орталығы 9 мыңға жуық қоңырау қабылдаған. Оның 500-ге жуығы зорлық пен қатыгездік жайында және оның көбі балаларға қатысты болған.
Азаматтардың ең көп сауалдары заңгерлік кеңес, әлеуметтік қорғау, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласына қатысты.
111 қызметі мен жағдайға бейжай қарай алмайтын азаматтардың көмегімен соңғы айларда бірнеше қиын жағдайлар шешілді: мүгедек қыздың мектептегі зорлық-зомбылықпен күресуіне көмек берілді, ер адам құлдықтан құтқарылды, әкімдіктің қолдауымен аз қамтылған отбасына өрттен кейін тұрғын үйі қалпына келді, жалғызбасты қарт әкенің ұлын циркке апару арқылы арманы орындалды, сонымен қатар, оқушы балаға күнделікті мектепке қатынауы үшін жол жүру картасын алуға көмек көрсетілді. 111 қызметінің кеңесшілері әрбір қоңырауды жеке мәселе ретінде емес, белгілі бір отбасының бірнеше мәселелерін шешу мүмкіндігі ретінде қарастырады.
111 қызметіне жиі жүгінетін 30 бен 44 жас аралығындағы әйелдер болып табылады – олардың қоңыраулары 60% құрайды. Бұл бала құқығын қорғап, отбасындағы озбырлыққа қарсы күресетін ең белсенді қоғамдық тобы.
Байланыс орталығының заңгерлері мен психологтары хабарласқан әрбір адамға мәселесі шешілгенше қолдау көрсетіп, кеңес береді, қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына ақпарат береді.
Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғаудағы 111 қызметі 2023 жылдың 16 қазанынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілген болатын. 111 нөміріне тәулік бойы қоңырау шалуға болады, анонимдік және жеке деректердің қорғалуына кепілдік беріледі. Байланыс орталығы құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста, барлық қоңырауларды тіркеп, дағдарыс шешілгенше әрбір отбасының жағдайын бақылайды.
Қазақстандық 1414 Бірыңғай байланыс орталығы халықаралық деңгейде мойындалды
«Азаматтарға арналған үкіметтің» Бірыңғай байланыс орталығы марапаттау рәсімі Мәскеуде өткен CСGuru Awards/Хрустальная гарнитура халықаралық сайыста «Халыққа арналған үздік байланыс орталығы» номинациясында қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Байқауға 440-тан астам үміткер қатысты. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің 150-ден астам байланыс орталықтары үздік атағына таласты. 2024 жылдың қаңтарында 1414 финалға шығып, ақпан айында CCGuru Awards қазылар алқасының мүшелерін Бірыңғай байланыс орталығының кеңсесінде қабылдаған болатын. Байқау комиссиясының өкілдері орталықтың жұмысымен және ақпараттық жүйелермен танысты.
Айта кетер болсақ, CСGuru Awards/Хрустальная гарнитура15 жылдан астам уақыт бойы құзырлы қазылар алқасының шешімімен жыл сайын байланыс-орталық индустриясының және клиенттермен қашықтықтан өзара әрекеттесудің үздіктеріне беріледі. Марапат кәсіби Қоғамдастықтың жоғары жетілу және даму деңгейін мойындауын көрсетеді, байланыс орталықтарында клиенттермен қашықтықтан өзара әрекеттесу саласындағы қатысушылардың жоғары жетістіктері мен нәтижелерін растайды.
Бірыңғай байланыс орталығы Мемлекеттік корпорацияның құзырына 2021 жылы өткен болатын. Мамандар азаматтарға аудио-бейне байланыс, сондай-ақ онлайн чат және электрондық пошта арқылы 1354 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес береді. Сонымен қатар, желіде азаматтарға кеңес беріп қана қоймай, кейбір мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекке тұруды да ұсынатын робот жұмыс істейді. Қосымша айтар болсақ, жыл басынан бері байланыс орталығына 7,2 миллионнан астам қоңырау түскен.
Құрметті Бурабай ауданының тұрғындары, 2024 жылға арналған жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қайтарымсыз гранттық қаражат ұсынуға өтінімдерді қабылдау кестесін жариялаймыз.
Гранттар не үшін беріледі?
Мемлекеттік грант - бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бастапқы капитал.
Грант қаражаты ісін жаңа бастаған жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын азаматтарға өз бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Гранттар келесі бағыттарда қолдану үшін беріледі: қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, малдарды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу.
☝️ Гранттар алудың негізгі шарттары.
Грант алушы тиіс:
Жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жату:
🔸Тіркелген жұмыссыздар.
🔸Жеке кәсіпкерлер (3 жылға дейін).
Келесі әлеуметтік санаттардың біріне жату:
🔸Көп балалы тұлғалар-көп балалы жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы).
🔸Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері.
🔸Мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар (жұбайы, зайыбы).
🔸Атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған адамдар және олардың отбасы мүшелері.
🔸Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар.
🔸Кандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар.
🔸Мүгедек адамдар.
Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.
🔸 Щучинск қ, Луначарский к-сі, 90. Тел: 8(71636) 2-24-00
Қатаркөл ауылының орталық алаңында:
Құрметті Бурабай ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 29 ақпанда Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығында өтетін ХХХVI қысқы спартакиаданың салтанатты ашылуына шақырамыз!
Бұл шара тек спортшының өзі қатысатын спорттық мереке ғана емес, маңызды мерейтой – Владимир Смирновтың тәуелсіз Қазақстанның қысқы спорт түрлерінен алғашқы Олимпиада медалінің 30 жылдығына арналады.
Басталуы сағат 14:30-да.
Әкімдік Олимпиадалық даярлау орталығына жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастырды,
сағат 13.00-ден бастап қаланың орталық алаңынан автобустар жөнелтіледі.