Осы есеп "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 5-тармағына, Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру және ұсыну қағидаларының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қатаркөл ауылдық округінің тұрғындарын ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысы туралы хабардар ету мақсатында жасалды. Осы есепті орналастырудың негізгі міндеті барлық мүдделі тараптарды талқылауға тарту, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.
2025 жылы әкім аппараты 391 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілітін кызметтері туралы» 24-бапқа сәйкес мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілді.
Әкім аппаратында 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, олардың толық тізбесімен Бурабай ауданының интернет-ресурсында танысуға болады. Сонымен қатар ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының фойесінде көрсетілетін қызметті алушыларға қарау үшін қолжетімді жерде орналасқан стендте, Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жер мәселелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы қағидалар орналастырылған.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін шақыру түймесі орнатылған, әкімдік ғимаратына кіре берісте пандус, есікке тактильді маңдайша мен тактильді сызық бар.
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы "Egov" бар, ол парафериялық құрылғылармен (картридер,принтер, ноутбук) жабдықталған. 2025 жылы азаматтар 469 қызмет алды.
Азаматтар өтініш білдірген кезде әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Азаматтар жүгінген кезде әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылдың ақпан айында жер қатынастары бойынша мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндіктері туралы ақпарат Instagram желісінде орналастырылған.
Ерекше талап етілген мемлекеттік қызметтер – «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», "Сауда-саттықты(конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу".
Бурабай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі және ақпараттық технологиялар бөліміне көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша есептер уақтылы ұсынылады.