Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударудың маңыздылығы туралы ескертеді

        

Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі азаматтардың еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі қаржылық тұрақтылығын іске асыруда шешуші рөл атқарады. Қазіргі уақытта Қазақстанда базалық және ынтымақты (мемлекет есебінен қаржыландырылатын), міндетті және ерікті деңгейлерден (қолда бар зейнетақы жинақтары мен инвестициялық кіріс есебінен қамтамасыз етілетін) тұратын көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді.

Базалық зейнетақы – зейнеткерлікжасқа толған кезде есептеледі және оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін – күнкөрісдеңгейінің 70%-на дейін(еңбек өтілі 10 жылға дейін болса), ең жоғары мөлшерін 2026 жылы 118% - ға дейін және 2027 жылдан бастап 120% - ға дейін (егер жалпы еңбек өтілі ≥ 34 жыл болса) жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда. Бұл ретте 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілі тұрақты түрде аударылып отырған міндетті зейнетақы жарналарымен ғана расталады. 

            ҚОРЫТЫНДЫ: Тұрақты зейнетақы жарналары еңбек өтілін растап, базалық зейнетақы мөлшеріне әсер етеді.

Ынтымақты зейнетақы – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде алты айлық еңбек өтілі бар адамдарға төленеді. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне және 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі кез келген 3 жыл қатарынан орташа айлық табысқа байланысты. Ай сайынғызейнетақыжарналарыныңмөлшерікірістіңдәлеліболыптабылады.

            ҚОРЫТЫНДЫ: Тұрақты зейнетақы жарналары кірісті растап, ынтымақты зейнетақы есептеуге әсер етеді. 

Жинақтаушы зейнетақы – жекезейнетақы жинақтарынан төленеді, мөлшері жинақталған қаражат көлеміне байланысты: жинақ неғұрлым көп болса, төлем де соғұрлым қомақты болмақ.

           Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері бекітілген әдістемеге сәйкес есептеледі. 2021 жылдан бастап бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының төлем мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі. Есептеу формуласы мынадай:

           зейнетақы жинақтарының сомасы * 6,5% / 12 = бірінші жылдағы ай сайынғы төлем мөлшері.

Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемдері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі – 5%-ға ұлғайту жолымен айқындалады. Жинақтар зейнетақы шотында таусылғанға дейін төленеді.

            ҚОРЫТЫНДЫ: төлемдердің сомасы мен ұзақтығы зейнетақы жинақтарының мөлшеріне тікелей байланысты.

Осылайша, жинақтаушы жүйеге қатысу зейнетақының жиынтық мөлшеріне әсер етеді. Ынтымақты құрамдауыштың қысқаруын және қазіргі жағдайларды ескерсек (демографиялық құрылымның өзгеруі, халықтың қартаюы, еңбек нарығының өзгеруі) жинақтаушы компоненттің мәні барған сайын артып келеді.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберінде Қазақстанда жарналардың мынадай түрлері жүзеге асырылады: міндетті (жұмыскердің жалақысының 10%, жұмыс беруші ай сайын аударады), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (зиянды және қауіпті кәсіптерде еңбек ететін жұмыскерлер табысының 5%, жұмыс беруші өз бюджетінен төлейді), сондай-ақ 2024 жылдан бастап 1975 жылы және одан кейін туған барлық жұмысшылар үшін аударылатын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)  (2024 жылы 1,5% – дан басталып, 2028 жылы 5% - ға дейін ұлғайтылады, 2026 жылы – 3,5%).

Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ҚР жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне және ҚР Әлеуметтік кодексіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жаңартылған арнаулы салық режимдері (АСР) енгізілді: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде және шаруа немесе фермер қожалықтарына (ШФҚ) арналған. Бұл режимдер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың салық төлеуін ғана емес, сонымен қатар зейнетақы жарналарының міндетті түрлерін де реттейді.

Атап айтқанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатындар алған табыстарынан міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) дербес төлейді:

  • МЗЖ – табыстың1% ,
  • ЖМЗЖ – табыстың1%.

  Осы АСР-ны қолданатын және қызметін интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып жүзеге асыратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан интернет-платформа операторы[1] МЗЖ және ЖМЗЖ-ны ұстап қалып, аударып отырады.

Жеңілдетілген декларация негізіндегі АСР үшін зейнетақы жарналарының мөлшерлемелері және ШФҚ үшін АСР стандартты және мыналарды құрайды:

  • МЗЖ–табыстың10%,
  • ЖМЗЖ –2026жылытабыстың 3,5%-ы, соданкейін 2028 жылыжылсайын 5%-ғадейінкөтеріледі.

Зейнетақыкапиталынқалыптастырудыңқосымшакомпоненті–еріктізейнетақыжарналары (ЕЗЖ). Сізөзіңіздіңжақындарыңызүшін, алжұмысберушіөзқызметкерлерініңпайдасына ЕЗЖаудараалады. Бұлреттежүйелілік те маңызды,өйткені ЕЗЖ есебінензейнетақытөлемдерінзейнеткерлікжасқадейін – 50 жастанбастапалуғаболады.

БЖЗҚ өзсалымшыларына (алушыларына) өзініңжекезейнетақышотындағы (ЖЗШ) зейнетақыжинақтарыныңжай-күйінқадағалапотыруды, оныңішіндесіздің БЖЗҚ-дағыжекезейнетақышотыңызғазейнетақыжарналарының/ЕЗЖ-ның уақытылы аударылуын/түсуінұдайыбақылап отыруға кеңес береміз. Өкінішкеорай, жұмысберушіөзміндеттемелерінтолықорындамайтыннемесемүлде орындамайтынжағдайларда кездеседі. Әлеуметтіккодекстежұмысберушілердіңміндеттізейнетақыжарналарынтөлеуміндетінақтыайқындалғанынескергенжөн. Жұмысберушініңміндеттізейнетақыжарналарынуақытылы жәнетолықтөлеуінбақылаумемлекеттіккірістеркомитетіне (МКК)жүктелген. Егержұмысберушіқызметкергеқатыстықандай да бірзаң бұзушылыққажол берсе, онда МКК-ғажүгінуқажет. Сондықтан,өз ЖЗШ-дағы зейнетақыжинақтарыңныңжай-күйінжүйелітүрдетексеруартықболмайды.

Өзініңзейнетақышотынүнемі қадағалап отыру үшіннеғұрлымжеделжәнеыңғайлытәсіл – Қорсайтындағынемесемобильдіқосымшасындағыжеке кабинет арқылыүзіндікөшірмеалу. Зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Үзінді көшірмеде салымшыға қажетті барлық ақпарат беріледі. Атап айтқанда, жинақтардың жалпы көлемі, оның ішінде жарналар түрлері бойынша жинақталған қаражат сомасы жеке көрсетіледі. Сондай-ақ, үзінді көшірмеден зейнетақы жарналарынқандай ұйым, қай уақытта аударғанын, сұралған кезеңдегі инвестициялық кірістің мөлшерін көруге болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтар үшін өте ыңғайлы.

Тұрақты жарналар жинақтау және олардың қаржылық болашағын жоспарлау әдетін қалыптастырады. Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ болашақ төлемдердің деңгейін есептеуге және өзінің жинақтаушы стратегиясын түзетуге мүмкіндік беретін зейнетақы калькуляторы мен дербес зейнетақы жоспарының көмегімен қажетті зейнетақыны болжап, жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл құралдар БЖЗҚ сайтында және мобильді қосымшасында қолжетімді. Оларды пайдалану зейнетақы мөлшерін есептеуде ғана емес, сонымен қатар ағымдағы қаржылық мәселелерді шешуде де көмектеседі.

             Зейнетақы жинақтары, ең алдымен, еңбек қызметі аяқталғаннан кейін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге арналғанын есте ұстаған жөн. Сондықтан зейнеткерлікке шыққан кезде жинақ мөлшері барынша жоғары болуын қамтамасыз етуге тырысқан жөн. Өзінің зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға белсенді және тұрақты қатысу – болашақта лайықты зейнетақымен қамсыздандырудың маңызды шарты.

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

[1]интернет-платформа операторы (оператор) - интернет-платформаны пайдалана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), Ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, байланыс орнату және қызмет көрсету бойынша мәмілелер жасау үшін ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөнінде қызметтер көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға интернет-платформада

Дата публикации
24 февраля 2026
Дата обновления
24 февраля 2026
Тип
БЖЗҚ

Сейчас читают

Хабарлама
19 мая 2026
Хабарландыру
БЖЗҚ
12 марта 2026
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасы іске қосылды
БЖЗҚ
06 марта 2026
БЖЗҚ зейнетақыактивтерінинвестициялықбасқарубойынша invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасыніскеқосты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы