
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кездесу
2024 жылдың 26 сәуірінде «Сарбат-Ақжол» Оңалту орталығы» ҚБ теолог-маманы Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей мен Макинск қ. мектеп-лицейінің оқушыларымен, мамандандырылған Бұланды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері және қызметкерлерімен діни және құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша «Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет», «Әлеуметтік желілер арқылы деструктивті жалған діни ағымдарға тарту әдістері», «Деструктивті діни ағымдардың қоғамға зиянды әсері» тақырыптарында кездесулер өткізді.
Теолог зайырлы мемлекет, діни экстремизм мен терроризм ұғымдары, деструктивті діни ағымдардың және ғаламтор желісі арқылы діни білім алудың қауіптілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сот шешімі бойынша тыйым салынған экстремистік, террористік ұйымдар туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу соңында терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.