Меню

Страницы

Статья

Вакцинацияланған адам донор бола ала ма

Вакцинацияланған адам донор бола ала ма? Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов жауап берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА тілшісі.

"Жалпы, вакцинацияланған адамның донор болуына ешқандай шектеулер жоқ. Бір ғана шектеу бар. Екі апта бойы екпе алғаннан кейін донор болуға болмайды. Жалпы, ғалымдардың айтуынша, басқа шектеулер жоқ", - деп түсіндірді Марат Шоранов. Бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі журналистердің ревакцинация туралы сұрағына жауап берген болатын. "Алты айдан кейін денсаулық сақтау министрлігіне ревакцинация жүргізу қажеттілігі бойынша ресми ақпарат түскен жоқ. Біз тұрақты жұмыс жүргіземіз. Біз өзіміздің барлық әзірлеушілерімізбен байланыстамыз, ревакцинация бойынша дәлелді негізді дәл түсіну және алу үшін әлемдік әдебиетті оқып жатырмыз", - деп түсіндірді вице-министр.

Дата публикации
08 июля 2021
Дата обновления
08 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

04 марта 2026
Қалай дауыс беруге болады?
14 марта 2024
Ескертулерді назарға алыңыз!
Ақпарат
11 марта 2024
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттар негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және 2024 жылғы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы