Меню

Страницы

Статья

2023 жыл бойынша Бұланды ауданы әкімдігі уәкілетті органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2023 жыл бойынша Бұланды ауданы әкімдігі уәкілетті органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

1.Жалпы ережелер.

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № №88-V Заңын және бекітілген  Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын  басшылыққа алады.

Бұланды ауданында мемлекеттік қызметтерді аудан әкімінің аппараты, қала, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары, 8 дербес бөлім және мансап орталығы көрсетеді.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2023 жылы Бұланды ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтің 59 түрі көрсетілді, оның ішінде ақылы негізде 3 мемлекеттік қызмет, 56 тегін негізде.

№

Атауы

Мемлекеттік қызметтердің саны

1.

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында

20

2.

Жер қатынастары саласында

13

3.

Ауыл шаруашылығы саласында

5

4.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында

10

5.

Сәулет және қала құрылысы саласында

4

6.

Дене шынықтыру және спорт саласында

2

7.

Құрылыс саласында

2

8.

Әскери қызмет саласында

2

9.

Экономика және қаржы саласында

1

2023  жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 4918 құрады, 2022 жылы 7202 қызмет оның ішінде:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы -1213, 2022 жылы 2036 қызмет;

- «электрондық үкімет» порталы арқылы барлығы – 2164,  2022 жылы 3562 қызмет;

- қызмет берушілер арқылы қағаз түрінде – 32, 2022 жылы 246 қызмет;

- көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелейбайланыс жіне ақпаратық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы – 1509 қызмет, 2022 жылы 1359 қызмет көрсетілді.

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2023  жылы ең көп сұранысқа ие болған қызметтер:

- «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» - 843, 2022 жылы 899 қызмет;

- «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санатарына әлеуметтік көмек тағайындау» - 2023 жылы 438, 2022 жылы – 345;

- «Жұмыссыздарды тіркеу» - 324, 2022 жылы 294 қызмет;

- «Енбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және рұқсатты ұзарту» - 2023 жылы - 297, 2022 жылы 195 қызмет;

- «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру» - 2023 жылы - 210, 2022 жылы 273 қызмет.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызметтер көрсетуiне қойылатын талаптар және оларды көрсету тәртiбi мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiде айқындалады.

Барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылған (ережелер, өтініштердің үлгілері және т.б.), сондай-ақ, қала және ауылдық округтер әкімдері аппараттарында және аудан әкімдігінің ғимаратында халыққа электрондық мемлекеттік қызмет алу үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған 13 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.

Бұланды ауданының ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету жөнінде мақалалар әлеуметтік желілерде, баспасөз беттерінде жарияланады. 2023 жыл бойынша тұрғындарды қамту  100%  құрады.

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізіледі..

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- ауданның елді мекендерінде цифрлық құжаттарды пайдалану бойынша 12 баннер орналастырылған;

- жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен 10 тікелей эфир өткізілді;

- бұқаралық ақпарат құралдарында 344 түсiндiру материалдары жарияланды («BULANDYAQPARAT» аудандық газетінде – 57, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде – 288 мақала орналастырылған);

- мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін қараумен әкімдіктің 6 отырысы, Қоғамдық кеңестің 4 отырысы өткізілді;

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» КЕАҚ филиалымен бірлесіп, қызмет көрсетушілермен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты 3 кеңес өткізілді.

Бұланды ауданында 2019 жылдан бері 5 «Сервистік әкімдік» жұмыс жасайды. Тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді алуы және ыңғайлы болуы үшін «Сервистік әкімдікте» қажетті техникамен жабдықталған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақмола облысы әкімінің аппаратына жолданады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2023 жылы 10 мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлер біліктілігін арттырды.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақмола облысы әкімінің аппаратына жіберіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету Ережелерін бұзуды алдын алу бойынша шаралар қабылдау бойынша жұмыс жалғасуда. 2023 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдардың болмауы дәлел.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

2023 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 5 бақылау іс-шарасы өткізілді. Ішкі бақылаумен келесі ұйымдар қамтылды:

  • «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
  • «Сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ;
  • «Жер қатынастары бөлімі» ММ;
  • «Тұрғын - үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ;
  • «Экономика және қаржы бөлімі» ММ;
  • «Мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
  • «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;
  • «Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ;
  • «Капитоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ;
  • «Қараөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

         Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 24 ұсыным әзірленді, оның ішінде 23 ұсыным орындалды, орындалмаған 1 ұсыным Экономика бөлімі маманының біліктілігін арттыру (маманның біліктілігін арттыру бойынша оқу 2024 жылға жоспарланған) бақылауда.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2023 жылы жоғары тұрған мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету саласында бақылау іс-шаралары жүргізілген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

«Мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етудің кешенді көрсеткіші» негізгі нысаналы индикаторын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында көрсетілген мерзімдерде уақтылы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі – қызметтер көрсету мерзімдерін күнделікті бақылау;
  2. Әлеуметтік желілерде аудан әкімдігінің ресми парақшаларында тікелей эфирлер өткізу;
  3. Көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен 2023 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есептерге жария талқылаулар өткізу;
  4. Лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттеріне және оның нәтижелері бойынша Мемлекеттік қызмет алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініш жасауға негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдау;
  5. БАҚ-та, әлеуметтік желілерде ақпаратты орналастыру арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты 100% хабардар етуді қамтамасыз ету;
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын ескірген компьютерлік техниканы жаңарту;
  7. Бекітілген бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бақылау іс-шараларын жүргізу;
  8. Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарды орындау;
  9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мониторинг жүргізу;
  10. Новобратск ауылында «Сервистік әкімдікті» ашу;
  11. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша сұрақтармен қоғамдық кеңестерде сөз сөйлеу;
  12. Көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша техникалық оқу өткізу;
  13. Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін ұлғайту (кемінде 90%);
  14. Проактивті форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін ұлғайту (кемінде 40%);
  15. Мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тарту фактілерін анықтау, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдау.

 

Бұланды  ауданы әкімдігінің қызметі туралы 2023 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар bulandy_usl@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.

Дата публикации
29 февраля 2024
Дата обновления
29 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

04 марта 2026
Қалай дауыс беруге болады?
14 марта 2024
Ескертулерді назарға алыңыз!
Ақпарат
11 марта 2024
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттар негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және 2024 жылғы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы