Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың қорытындысы бойынша «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жария талқылаулар өткізу туралы есеп

2023 жылдың қорытындысы бойынша «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жария талқылаулар өткізу туралы

есеп

 

  1. Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер-ұйымның атауы

«Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Бұланды ауданы,

Макинск қаласы, Некрасов көшесі 19.

Байланыс телефондары 8 (71646) 2 23 06, 2 26 58

                                                                                                                

Бөлім басшысы                                         Жақыпбеков Абылай Өмірбайұлы

 

Мемлекеттік қызметтерді

көрсететін мамандар                                Қонаева Гүлайым Маратқызы

                                                                Рахметова Динара Қадырқызы

                                                                Балкенова Гүльнара Рахматуллақызы                                                                                   Қалеке Азиза Әлібекқызы

 

 

          «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 23 түрін көрсетеді:

1.     Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту

1)    Еңбекші көшіп-қонушыларға рұқсатты беру

2)    Еңбекші көшіп-қонушыларға рұқсатты ұзарту

2.     Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

3.     Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

4.     Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру

1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәліктер беру

2) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәліктердің телнұсқасын беру

3) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу

5. Ақталған адамға куәлік беру

6. Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

7. Мүгедектігі бар адамдарға техникалық- қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

8. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

9. Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектігі бар құжаттарды ресімдеу

10. Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

11. Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

12. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

13. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

14. Тұрғын үй көмегін тағайындау

15. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

16. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

 1) Қайтыс болуды тіркеу

2)  Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

17. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

1) Мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

2) Сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

18.Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру

1) Туу туралы қайталама куәлік беру

2) Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік беру

3) Некені (ерлі-зайыпты болуды) бұзу туралы қайталама куәлік беру

4) Қайтыс болу туралы қайталама куәлік беру

5) Туу туралы анықтама беру

6) Некені (ерлі-зайыпты болуды) бұзу туралы анықтама беру

7) Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама беру

8) Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы беру

9) Қайтыс болуы туралы анықтама беру

19.Азаматтық хал актілері жазбаларын жою

1) Мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою

2) Сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою

20.Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1) Неке қиюды тіркеу

2) Неке қию туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

3) Неке жасын төмендету қажет болған кезде неке қиюды тіркеу

21.Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1) Некені бұзуды тіркеу

2) Неке туралы бұзу куәлігіне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

22.Азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)

23. Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1) Баланың тууын тіркеу

2) Туу туралы куәліктің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

        2023 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтті.

         «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де   2023 жылы 2183 қызмет көрсетті, оның ішінде:

         –«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту - тегін негізде электрондық және қағаз нысанда 297 қызмет.

         –«Электрондық үкімет порталы» арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту бойынша шығындарды өтеу – тегін негізде электрондық және қағаз нысанда 15 қызмет. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         - Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау қағаз түрінде және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс арқылы және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы тегін негізде 438 қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         -  Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру –«Электрондық үкімет порталы» арқылы тегін негізде электрондық және қағаз нысанда 1 қызмет. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу– 37 қызмет, «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 15 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс орнатпау арқылы – 3 қызмет. Тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         -«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы Мүгедектерді техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету бойынша құжаттарды ресімдеу– 135 қызмет, «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 47 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс орнатпау арқылы – 3 қызмет. Тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

- «Электрондық үкімет порталы» арқылы Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу- 1 қызмет. Тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

- «Электрондық үкімет  порталы» арқылы Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу– 7 қызмет. Тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу– 9 қызмет, «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 3 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс орнатпау арқылы – 1 қызмет. Тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 65 қызмет, «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 73 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс орнатпау арқылы – 17 қызмет. Тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге құжаттарды ресімдеу– 22 қызмет. Тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу – 91 қызмет. Тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         -  «Электрондық үкімет порталы» арқылы Тұрғын үй көмегін тағайындау – 5 қызмет. Тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         - «Электрондық үкімет порталы» арқылы Қайтыс болуды тіркеу – 163 қызмет. Тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы Азаматтық хал актілерін қалпына келтіру – 1 қызмет, тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету  ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру–308 қызмет, «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 19 қызмет, тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы Азаматтық хал актілері жазбаларын жою –2 қызмет. Тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады

         - «Электрондық үкімет порталы» арқылы Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 69 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы электрондық түрі– 14 қызмет, тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

            - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 11 қызмет, «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 9 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы электрондық түрі – 3 қызмет, тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу – 66 қызмет, «Электрондық үкімет порталы» арқылы – 191 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы электрондық түрі– 42 қызмет, тегін негізде электрондық және қағаз нысанда. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

         Есепті кезеңде неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызмет «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» болып табылады.

         Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері мен тәртібі туралы ақпарат «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ақпараттық стендтерінде және Бұланды ауданы әкімінің сайтында орналастырылған.                             

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ.

         2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Сапасы, уақытылығы, көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануы критерийлері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді және жүргізілуде:

         - 2023 жылы 2 дөңгелек үстел өткізілді, 2 тікелей эфир, аудандық «BULANDY AQPARAT» газетінде 7 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде 38 материал жарияланды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 1 адам өтті.

 

Тұрғындардың назарына

 

          2024 жылғы 29 наурызға дейін есепті талқылау өткізіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді, ұсыныстар мен ескертулерді аудан әкімінің сайтында орналастыруға немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынуға болады.

«Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ байланыс телефоны: 8 (71646) 2 23 06, 2 26 58          

         Мемлекеттік органның жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13.00 - ден 14.30-ға дейін, демалыс күні: сенбі, жексенбі

 

 

Бөлім басшысы                                                                    А. Жақыпбеков

 

Дата публикации
29 февраля 2024
Дата обновления
29 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

04 марта 2026
Қалай дауыс беруге болады?
14 марта 2024
Ескертулерді назарға алыңыз!
Ақпарат
11 марта 2024
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттар негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және 2024 жылғы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы