Меню

Страницы

Статья

Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы 2023 жылғы есеп

Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы 2023 жылғы есеп

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. көрсетілетін қызметті алушыларға шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қолжетімділік;
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре сарсаң көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;
  4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 15.04.2013 жылғы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме 10 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу
  2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы
  3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру
  4. Тұрғын үй сертификаттарын беру
  5. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару

    Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою

    Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару

  1. Ағаштарды кесуге рұқсат беру
  2. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру
  3. Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобала уқұжаттамасын келісу
  4. Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау
  5. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту мемлекеттік қызметтері тегін көрсетіледі.

         Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық және қағаз түрі.

2023 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 85 қызмет көрсетілді. Олардың ішінде:

- 51 Мемлекеттік қызмет-мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;

- 34 мемлекеттік қызметтер – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру.

Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ көрсететін мемлекеттік қызмет туралы ақпарат ақпараттық стендте, әлеуметтік желілерде қоғамдық орындарда орналастырылған, сондай-ақ аудандық «Бұланды ақпарат» газетінде жарияланады.

Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ барлық мамандары үш жыл сайын кестеге сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Байланыс ақпараты:

Макинск қ., Некрасов көшесі 19, Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тел. 2-37-57.

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар көлігі,

автомобиль жолдары және тұрғын үй

инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы                                     А. Есимов

 

Дата публикации
29 февраля 2024
Дата обновления
29 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

04 марта 2026
Қалай дауыс беруге болады?
14 марта 2024
Ескертулерді назарға алыңыз!
Ақпарат
11 марта 2024
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттар негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және 2024 жылғы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы