Меню

Страницы

Статья

Сәүлет

Бұланды ауданы бойынша 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарына сәйкес жеке тұрғын үйді іске қосу бойынша 6320 м2 жоспарланған, 1 жартыжылдықта 3911 м2 пайдалануға берілген. Ағымдағы жылдың басынан бастап 33 нысан пайдалануға берілді.

Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының сәулет және қала құрылысы саласындағы көрсеткіштер жобасын іске асыру мақсатында, 2022 жылы облыстық бюджеттен келесі жобаларға ақшалай қаражат бөлінді:

1) «Бұланды ауданы Журавлевка ауылын дамыту және салу схемасы (Бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы)». Бұланды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымындағы № 8с-6/1 шешімімен бекітілді.

2) «Бұланды ауданы, Партизанка ауылын дамыту және салу схемасы (Бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы)». Бұланды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымындағы № 8с-6/3 шешімімен бекітілді.

3) «Бұланды ауданы, Купчановка ауылын дамыту және салу схемасы (Бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы)». Бұланды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымындағы № 8с-6/2 шешімімен бекітілді.

Облыстық бюджеттен бөлінген қаражатың жалпы сомасы 29 400 092 теңге 01 тиын ҚҚС-пен (28 141 409 теңге ҚҚС-сыз 87 тиын).

 

Бұланды ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:

  1. 2601006 Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі және күрделі емес объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру.
  2. 2602001 Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру;
  3. 2602002 Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау)жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
  4. 2602005 Эскизді (эскиздік жобаны)келісу

 

         2023 жылдың 1 жартыжылдығында 190 қызмет көрсетілді оның ішінде:

– «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру-тегін негізде электрондық және қағаз нысанда 9 қызмет.

- «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну-тегін негізде электрондық нысанда 80 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.

- «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы эскизді (эскиздік жобаны) келісу-76 тегін негізде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.

- «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру-тегін негізде электрондық нысанда 25 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ бөлім меншік иесінің өзі және қабылдау комиссиясы салған объектіні пайдалануға қабылдау актілерін ХҚКО ИАЖ арқылы қызмет көрсетеді. Объектілерді өз бетінше іске қосудың 51 актісі, қабылдау комиссиясы объектілерді қабылдаудың 34 актісін тіркеді. Инженерлік инфрақұрылымға қосылу үшін, сондай-ақ жаңа құрылысқа жер учаскесін, қосымша жер учаскесін беру үшін 423 ахуалдық схема берілді.

Бөлім тұрақты негізде салынып жатқан объектілер, сыртқы көрнекі жарнама және қараусыз қалған ғимараттар мен құрылыстар бойынша қаланың сәулеттік келбетінің сәйкестігіне мониторинг жүргізеді. Биылғы жылдың басында рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқан және жұмыс істейтін 15 нысан анықталды. Тиісті шаралар қабылдау үшін "Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ-не хаттар жолданды, оның ішінде: 5 объект бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды; 10 объект бойынша тексеру жүргізілуде. 

      Абаттандыру бойынша іс-шара жоспарына сәйкес ауылдық округ және қала әкіміне іс-шара жоспарының орындалуы туралы хаттар жолданды, қала мен ауылдық округтерді абаттандыру бойынша іс-шаралар өткізілді. Нысандарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша барлық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлерге хаттар таратылды, сондай-ақ пандустарды дұрыс орнату қажеттілігі туралы және барлық кәсіпкерлермен комиссиялық жұмыстар жүргізілді.

Ай сайын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментіне, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына, статистика басқармасына, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөліміне, салық басқармасына, тоқсанына бір рет ТЖБ-не енгізілген объектілер бойынша есептер дайындалады және ұсынылады.

 

 

Дата публикации
29 июня 2020
Дата обновления
29 июня 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

04 марта 2026
Қалай дауыс беруге болады?
14 марта 2024
Ескертулерді назарға алыңыз!
Ақпарат
11 марта 2024
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттар негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және 2024 жылғы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы