Барлық әлемдік кеңістікті қамтыған коронавирус пандемиясына байланысты карантин режимі Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша сәуір айының соңына дейін ұзартылды. Азаматтар мен көліктің қозғалысы, кәсіпорындардың, сауда үйлерінің жұмыс істеуі бойынша барлық жерде қабылданған шектеу шаралары оң нәтижелер береді. Олар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және вирустың таралуын тоқтату үшін қажет.
Осыған байланысты, шектеу шаралары біздің ауданда да енгізілді. Сонымен қатар, 13 сәуірде сағат 21.00-ден бастап Макинск қаласында үш бағытта блок-бекеттер жұмыс істей бастады.
Құрметті Бұландылықтар, сіздерден карантинде енгізілген барлық талаптарды сақтауларыңызды сұраймыз, қажетсіз өз үйлеріңізден тыс шықпауларыңызды сұраймыз, қалай қиын болса да, бірақ барынша оқшаулау осы қорқынышты аурудың таралуын тоқтата алады. ⠀
Үйде болыңыздар! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!