Меню

Страницы

Статья

Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны стандарты

Жалпы ережелер
Осы есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 9-15) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы стандарт есту қабілетінен толық айырылған мүгедекке арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді.
Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орнына
қойылатын талаптар
Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны, өндірістік жабдық элементтерінің конструкциясы жұмыс аймағында эргономиялық талаптарға сәйкес келеді.
4. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектер қарқынды шу және жергілікті өндірістік діріл жағдайларындағы, қозғалмалы механизмдері бар, улағыштық қасиетке ие заттарды өндіру жұмыстарына жіберілмейді.
5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жеке талаптары мен шектеулері ескеріледі.
6. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар есту қабілеті толық бұзылған мүгедектің жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын және ескерілетін негізгі элементтер болып табылады.
7. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орнындағы жабдық пен жиһаздың орналасуы, жарақтандыру еңбек қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.
8. Адамдар тұрақты келетін өндірістік объектілер табиғи және жасанды жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Орташа дәлдіктегі жұмысты орындау кезінде жұмыс орнындағы аралас жарықтандыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес кемінде 500 люксті, төменгі дәлдік пен өрескел жұмыстар кезінде кемінде 300 люксті көздейді.
9. Жарық көздері жеткілікті жарық бере алады, жарық шекарасын нақты белгілей отырып, жарық ағынын толыққанды бөледі. Жұмыс орны мен қоршаған заттар элементтерінің үстіңгі беті жылтырамайды.
10. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны қосымша:
— дыбыстық сигналдарды жарыққа, мәтіндік жүгіртпе жолға өзгертетін жабдықпен;
— сөзді мәтінге өзгертетін жарық (визуальды) индикаторлармен жабдықталады.
11. Есту және көру қабілеті қатар бұзылған мүгедектер үшін жұмыс орнына қойылатын талаптар мыналар болып табылады:
— көруді және естуді бақылаусыз жұмысты орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған тактильдік тифлокешендер;
— компьютерлермен және басқа да ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу үшін брайль дисплейіне қосылуға мүмкіндік беретін тифлоорганайзер және брайльдік принтерлер, пернетақталар.
12. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектердің еңбегін пайдаланатын кәсіпорындарда ымдау тілі аудармашысының кабинеті көзделеді. Аталған кабинет есту қабілеті бұзылған мүгедектер үшін арнайы техникалық байланыс құралдарымен: мәтіндік хабарламасы бар телефондармен немесе телефакстермен жабдықталады.
13. Жұмыс орнында қауіп және эвакуация туралы ақпараттандыру үшін қосымша жыпықтауыш жарық сигналдары орнатылады.

Дата публикации
03 июня 2020
Дата обновления
03 июня 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

04 марта 2026
Қалай дауыс беруге болады?
14 марта 2024
Ескертулерді назарға алыңыз!
Ақпарат
11 марта 2024
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттар негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және 2024 жылғы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы