Меню

Страницы

Статья

«Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акцияны өткізу жөніндегі өзара іс-қимылдар алгоритмі

Бекітемін:
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
________М. Әбілқасымова
2018 жылғы «26» ақпан

 

«КЕЛІСІЛДІ»:
«Атамекен»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
Басқарма төрағасы
______А. Мырзахметов
2018 жыл 26 ақпан

 

«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы
______Б. Әбдірайым
2018 жыл 26 ақпан

 

«Еңбек шартын жасаңыздар!»
республикалық акцияны өткізу жөніндегі
өзара іс-қимылдар алгоритмі

 

Жалпы ережер

Осы алгоритм 2018-2019 жылдары орталық және жергілікті атқарушы органдардың, әлеуметтік әріптестердің «Еңбек шартын жасаңыздар!» жалпы республикалық акциясын өткізу алгоритмін белгілейді.
Бейресми еңбек қатынастары ретінде жеке және заңды тұлғалардың жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін еңбек қатынастарының белгілері бола тұра (жұмыскердің жұмысты (еңбек функциясын) белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша орындауы, міндеттемелерді еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындау, жұмыскердің еңбегі үшін жалақы алуы ) еңбек шартын жасамай пайдалану фактілері ұғынады.

Мақсаттар мен міндеттер

«Еңбек шартын жасаңыздар!» атты республикалық акцияның мақсаты бейресми еңбек қатынастарына жол бермеу және оларды анықтау, еңбек қатынастарының жасырын түрлерін қысқарту, азаматтардың еңбек саласындағы өз құқықтары жөніндегі хабардар болу деңгейін арттыру.
«Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясының міндеттері:
Еңбек қатынастарын формализациялау;
Бейресми еңбек қатынастарында тұрған азаматтарды зейнетақымен
қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне тарту;
Халықтың жұмыспен бейресми түрде қамтылу фактілеріне теріс көзқарасын қалыптастыру;
Жұмыс берушілерге және өзін өзі жұмыспен қамтығандарға бару арқылы жұмыспен бейресми түрде қамту қатерлерін бағалау негізінде профилактикалық бақылау жүргізу жолымен, әкімшілік ден қою және бақылау шараларын күшейту;
Мемлекеттік органдардың, әлеуметтік әріптестердің қатысуымен медиа құралдары арқылы халық арасында ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу;

Ұйымдастырушылар

«Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясын ұйымдастырушылар:
Республикалық деңгейде:
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі (бұдан әрі-ҚР Еңбекмині)
Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі- ҰҚП)
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы (бұдан әрі- ҚР КФ)

Өңірлік деңгейде:
облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері;
кәсіпкерлердің өңірлік палаталары;
кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктері;
Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері акцияны
ҰҚП өңірлік бөлімшелерінің, ҚР КФ аумақтық бірлестіктерінің қатысуымен бірлесіп өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеттерін құрады.

Нысаналы топтар

Акцияның нысаналы топтарына:
ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтану, көлік,
қызмет көрсету саласындағы шаруашылық жүргізу ші шағын және орта бизнес субъектілері және т.б.
аталған салаларда еңбек ететін азаматтар жатады.

Акцияны өткізу мерзімдері

«Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акция 2018-2019 жылдар аралығында өтеді.
«Еңбек шартын жасаңыздар!» акциясының ресми басталуы ҚР Еңбекмині
әлеуметтік әріптестермен бірлесіп өткізетін баспасөз- конференциясында 2018 жылдың 1 тоқсанында жарияланды.
«Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акцияның аралық
қорытындылары республикалық және өңірлік әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың отырыстарында тоқсан сайын қаралып отырады.
«Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясының қорытындылары РҮК-тің отырысына жыл сайын желтоқсан айында шығарылып отырады.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, әлеуметтік әріптестіктердің бейресми еңбек қатынастарын заңдастыру жөніндегі өзара іс-қимылдары

Республикалық деңгейде:
ҚР Еңбекмині:
«Еңбек шартын жасаңыздар!» акциясының барысын ай сайын
мониторингтеп отырады;
2018 жыл бойы «Еңбек шартын жасаңыздар!» акциясына бұқаралық
ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
Облыстарда, Астана мен Алматы қалаларында жұмыс берушілермен
форумдар өткізіп тұрады;
МКК-не, ЖАО-ларға (МЕИ) және ҰҚП-ға Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорына және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылған сомаларлың төмендеуіне жол берген кәсіпорындар бойынша өңірлер, кәсіпорындар бөлінісінде ай сайын ақпарат жолдап отырады;
ЖАО-лар мен МКК тарапынан әлеуметтік аударымдар мен міндетті
зейнетақы жарналары көлемінің төмендеуінк жол берген жұмыс берушілерге қатысты қабылданған шараларды ай сайын мониторингтеп отырады;
Кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері (ҚР КРБ):
Бейресми экономика саласы жұмыскерлерін кәсіподақтық қозғалысқа тартудың жолдарын зерттеу жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Кейін жұмыскерлерді өз еңбек қызметін заңдастыруға ынталандыру үшін ұсыныстар әзірлеуге жұмыспен бейресми түрде қамтылудың себептерін анықтау мақсатынада еңбек ұжымдары арасында анкеталық сауалнамалар жүргізеді;
Бастапқы кәсіподақ ұйымдары құрылған жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды күшейту жөніндегі шараларды қабылдайды;
Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен еңбек
заңнамасының сақталуын қадағалау саласында ынтымақтастық жасайды;
Аталған бағыттарда атқарылған жұмыс туралы ақпарат әр а йдың 10 күніне қарай ҚР Еңбекминінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне (бұдан әрі- ЕӘҚКҚК) ұсынылып отырады.
14.ҰҚП

1) жұмыс берушілер арасында еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді;
2)еңбек қатынастарын ресімдемеудің себептері мен негіздері бойынша жұмыс берушілер арасында сауалнамалар жүргізеді;
3) сауалнаманың қорытындылары бойынша ресми еңбек қатынастары аясын кеңейту және практикадан заңсыз еңбек қатынастарын жою, заңды еңбек қатынастарын ынталандыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
4) аталған бағыттарда атқарылған жұмыс туралы ақпарат тоқсан сайын Еңбекминінің Еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне ұсынылып отырады;
Өңірлік деңгейде:
ЖАО (МЕИ, Халықты жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалары):
1) азаматтардан келіп түсетін арыздар негізінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың жалдамалы жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасауын, олар үшін міндетті зейнетақы жарнларын және басқа да төлемдерд аударуын тексереді;
2) сауалнама кезінде «міндетті зейнетақы аударымдарынсыз жұмыс істейтіндер» ретінде белгіленген адамдарға ауылдық округтер әкімдеріне, жұмыспен қамту орталықтарына, еңбек инспекциясына статусын (немесе жұмыс орнын) нақтылау үшін және түсініктеме алу үшін жүгіну қажеттігі туралы хабарламалар жолдайды;
3) МЕИ жүргізетін мониторингтің қорытындыларын әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссиялардың отырыстарына шығарады;
4) азаматтары еңбек заңнамасы бойынша консультациялар ала алатын, еңбек заңнамасы саласындағы заң бұзушылықтар туралы, еңбек шартын жасамайтын жұмыс берушілер мен міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтын басшылар туралы хабарлай алатын «Қызу желі» құрады;
5) еңбек қатынастарын заңдастырудың азаматтардың одан әрі зейнетақы мен қамсыздандыру және медициналық сақтандыру жүйелеріне қатысуы мүмкіндігі тұрғысынан қажеттілігі мен маңыздылығы, еңбек қатынастарын заңдастыру тәртібі туралы ұдайы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді, соның ішінде;
— баспа басылымдарында (газеттерде, журналдарда) тиісті ақпараттар мен материалдар жариялайды;
— үлестірме және ақпараттық материалдар (брошюралар, буклеттер) әзірлейді
— веб-парақшаларда, ЖАО сайттарында, әлеуметтік желілерде ресми және жеке аккаунтар, блог-платформалар, танымал қауымдастықтар арқылы еңбек қатыснастарын заңдастырудың негізгі бағыттары мен артықшылықтарын түсіндіретін ақпаратты жариялайды;
6) аталған бағыттарда атқарылған жұмыс туралы ақпарат әр айдың 10-ына қарай ЕӘҚКҚК ұсынылады.
ЖАО (МЕИ) кәсіпкерлердің өңірлік палаталары, кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктері:
1) өңірлердің жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын шаруашылық жүргізу субъектілер арас ында жұмыс берушілер үшін еңбек қатынастарын ресімдеудің және жалақыны конверттерде төлеу схемаларын пайдаланудың құқықтық салдарлары туралы түсіндіру жұмысын жүргізеді;
2) еңбек заңнамасын бұзу үшін жауапкершілік туралы ақпараттық парақшалар әзірлеп шығарады, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы;
3) аталған бағыттарда атқарылған жұмыс туралы ақпарат әр айдың 10-на қарай ҚР ЕӘҚКҚК ұсынылады.

Заңды және жеке тұлғаларды еңбек қатынастарын заңды түрде ресімдеуге («көлеңкелі еңбек қатынастарынан шығуға») ынталандыру жөніндегі заңнамалық шаралар

ҚР Еңбекмині 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында ҚР заңнамасына келесі мәселелер бойынша түзетулер енгізу мәселесін пысықтайды:

1) тендерлерге жұмыскерлердің еңбегін еңбек шартынсыз пайдаланатын ұйымдарды (құрылыс саласындағы) қатыстырмау;

2) жерді уақытша пайдану шарттарында шаруа, фермерлік қожалықтары мен ауыл шаруашылығы өндірістерінің жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасау жөніндегі міндеттемелерін белгілеу;

3) жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға-жұмыс берушілер үшін –жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттарын тұрғылықты жері бойынша ауыл әкімдіктерінде тіркеу міндеттерін енгізу;

4) Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне жұмыскерлердің еңбегін еңбек шартын жасамай пайдаланатын жұмыс берушілерлің жауапкершілігін күшейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар еңгізу.

Акцияның қорытынды кезеңінің іс-шаралары

Қорытынды кезеңде іс-шаралардың нәтижелігі мен тиімділігін, олардың қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкестігін анықтау үшін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша енгізілген ұсыныстар талданып, акцияның қорытындылары шығарылады.
Акцияның қорытындысы 2019 жылдың желтоқсан айында РҮК отырысына шығарылады.
Акцияның қорытындысы ескеріле отырып, бұқаралық ақпарат құралдарына нәтижелері жария етіліп, баспасөз конференциясы өткізіледі.

Дата публикации
03 июня 2020
Дата обновления
03 июня 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

04 марта 2026
Қалай дауыс беруге болады?
14 марта 2024
Ескертулерді назарға алыңыз!
Ақпарат
11 марта 2024
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттар негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және 2024 жылғы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы