Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен мүгедектерді әлеуметтік қолдауды жетілдіру мақсатында, мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін жандандыру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 102 қаулысымен техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының кеңейтілген тізбесі бекітілді.
1,2,3 топ мүгедектері мен бала- мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі
- 1. 1,2,3 топ мүгедектері мен бала- мүгедектеріне протездiк- ортопедиялық құралдар:
1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);
2) жілiншiк протездерi;
3) жамбас протездерi;
4) кеуде бездерінiң протездерi;
5) аппараттар, туторлар;
6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;
7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;
8) бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары;
9) ортопедиялық аяқкиім және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар);
10) аппараттарға арналған аяқкиім;
11) жейде киюге арналған құрылғы;
12) колготки киюге арналған құрылғы;
13) шұлық киюге арналған құрылғы;
14) түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек);
15) белсенді ұстағыш;
16) ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш;
17) қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш;
18) кілтке арналған ұстағыш.
1,2,3 топ мүгедектері мен бала- мүгедектеріне сурдотехникалық құралдар:
1) есту аппараттары;
2) веб-камерасы бар ноутбук;
3) көп функционалды дабылды жүйелер;
4) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондар;
5) саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар;
6) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары;
7) дауыс шығаратын аппарат.
3. 1,2 топ мүгедектері мен бала- мүгедектеріне тифлотехникалық құралдар:
1) тифлотаяқтар;
2) оқу машиналары;
3) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук;
4) Брайль жүйесі бойынша жазу құралы;
5) Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi;
6) рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз;
7) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар;
8) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;
9) нашар көретін адамдарға арналған сағаттар;
10) сөз шығаратын термометр;
11) сөз шығаратын тонометр;
12) тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр;
13) брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал;
14) Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе;
15) көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері.
4. 1,2 топ мүгедектері мен бала- мүгедектеріне арнаулы жүрiп-тұру құралдары:
1) бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар;
2) серуендеуге арналған кресло-арбалар.
5. 1,2,3 топ мүгедектері мен бала- мүгедектеріне міндетті гигиеналық құралдар:
1) несеп қабылдағыштар;
2) нәжіс қабылдағыштар;
3) жөргектер;
4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар);
5) катетер;
6) стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик;
7) қорғаныш крем;
8) сіңіргіш ұнтақ (опа);
9) иісті бейтараптандырғыш;
10) теріні тазартқыш;
11) санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық;
12) дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар;
13) жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар.
Сонымен қатар, мүгедектерді оңалтудың жаңа протезді-ортопедиялық, техникалық құралдармен, міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз ету, мүгедектің жеке оңалту бағдарламасын (әрі қарай ЖОБ) әзірлегеннен кейін ғана мүмкін, өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді оңалтудың құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету тек қана ЖОБ-қа сәйкес жүзеге асырады.
Барлық сұрақтар бойынша және қызметті алу үшін Макинск қаласы, Некрасова көшесі, 19 үй мекен-жайындағы «Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ немесе 2-23-06 телефоны арқылы өтініш жасауға болады.