2022 жылдың қорытындысы бойынша Бұланды ауданының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жария талқылаулар өткізу туралы Есебі
Бұланды ауданының " Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі " мемлекеттік мекемесі
Орналасқан жері Ақмола облысы, Бұланды ауданы,
Макинск қаласы, Некрасов көшесі 19.
Байланыс телефондары 8 (71646) 2 37 88
Бөлім басшысы Шортаев Серик Толеутаевич
Мемлекеттік қызметтерін
көрсететін мамандар Ермағанбет Гүлмира Салықжанқызы
бас маман
Бұланды ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді:
Бұланды ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік» ММ 2022 жылы 162 қызмет көрсетті.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. 2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың сапасы, уақтылығы, қанағаттануы өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді және жүргізілуде:
2022 жылы аудандық "BULANDY AQPARAT" газетіне 1 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде 14 материал орналастырылды.
көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Тұрғындардың назарына.
2023 жылғы 20 наурызға дейін өткізілетін есепті талқылау шеңберінде есепті талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өз пікірлерінізді, ұсыныстары мен ескертулерін аудан әкімінің сайтында орналастыруға немесе тікелей жергілікті атқарушы органға ұсынуға болады.
Бұланды ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ Байланыс ақпараты, телефоны: 8 (71646) 2 37 88,
Мемлекеттік органның жұмыс уақыты: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13.00 - ден 14.30-ға дейін, демалыс күні: сенбі, жексенбі.
Бөлім басшысы С. Шортаев