Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы «Макинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп

2022 жылғы «Макинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп

            Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату — сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс – әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне  азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.
            Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
көрсетілетін  қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сеніміне, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша  қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
             Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөз бұйдалық көріністеріне жол бермеу;
            Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп  берушілік  және ашықтық;
            Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі;
            Мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
            Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
            2013  жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына сәйкес «Макинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік                                 қызмет көрсететін  мемлекеттік орган болып  саналады.
            «Макинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме алты түрлі  мемлекеттік қызмет көрсетеді:
            «Елді мекен  шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
            Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
            Мемлекеттік қызметті көрсету  нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
            2022 жылы 10 қызмет мемлекеттік орган арқылы  көрсетілген.
            «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге  шешім беру»
            Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
            Мемлекеттік қызметтер көрсету  нысаны - электрондық.
            2022  жылы 20 қызмет мемлекеттік электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген және 1 дәлелді бас тарту.

  «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер  учаскелеріне  құқықтарды  алу».
          Мемлекеттік қызмет тегін  негізде көрсетіледі.

  Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны электрондық .

            2022  жылы 49 қызмет мемлекеттік электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген және 3 дәлелді бас тарту.
            «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»
            Мемлекеттік қызмет жеке  және заңды тұлғаларға тегiн  көрсетіледі.
            Мемлекеттік қызметті көрсету  нәтижесін беру нысаны: қағазтүрінде.
            2022 жылы 6 қызмет мемлекеттік орган арқылы  көрсетілген.
            «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»            

            Мемлекеттік  қызмет жеке және  заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.
            Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз  түрінде.
            2022 жылы 7 қызмет мемлекеттік орган арқылы  көрсетілген.            

           «E-gov»  қол жеткізу бұрыштары арқылы  көрсетілген  мемлекеттік қызметтер саны 75 қызмет.

«Макинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық мәліметті ақпараттық стендтерден және қоғамдық қолжетімді орындарда  орналасқан.
          Макинск қаласының әкімі аппаратының барлық мамандары әр үш жыл сайын біліктілігін арттыру курстарынан  өтіп тұрады.

           

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейін «Макинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қызмет алушылар тарапынан шағымдар келіп түскен  жоқ.
            Байланыс ақпараты:
            Макинск қаласы Сәкен Сейфуллин көшесі, 27, «Макинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, байланыс телефондары: 8 (71646) 2-24-65, 2-27-46, 7-90-53 .
            Қабылдау демалыс күндері мен мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс.


 

Макинск қаласының әкімі                                                                                        М.Есенгожин

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

04 марта 2026
Қалай дауыс беруге болады?
14 марта 2024
Ескертулерді назарға алыңыз!
Ақпарат
11 марта 2024
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттар негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және 2024 жылғы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы