2022 жылғы «Бұланды ауданының Новобратск ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына сәйкес «Бұланды ауданының Новобратск ауылдық округінің әкімі аппараты»мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.
Мемлекеттік мекеме алты түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер учаскесін тандау актісі келісілген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: элетрондық және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі.
2022 жылы өтініш түскен жоқ.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру беру» мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
2022 жылы өтініш түскен жоқ.
2022 жылы өтініш түскен жоқ.
2022 жылы өтініш түскен жоқ.
2022 жылы өтініш түскен жоқ.
Е-gov қолжетімділік бұрышы арқылы 35 қызмет көрсетілді.
Новобратск ауылдық округ ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық мәлімет стендтерде орналасқан және интернет-ресурс беттерінде жарияланады.
Новобратск ауылдық округі әкімі аппаратының барлық мамандары әр үш жыл сайын біліктілігін арттыру курстарынан өтіп тұрады.
2022 жылы 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан «Бұланды ауданының Новобратск ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне шағымдар түскен жоқ.
Ақпарат байланысы: «Бұланды ауданының Новобратск ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Новобратск селосы, Ш.Уәлиханов көшесі № 3 телефон нөмірі: 36-735.
Қабылдау демалыс пен мейрам күндерінен басқа жұмыс күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден кешкі 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс.
Новобратск ауылдық округінің әкімі Х.Цечоев