Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы «Бұланды ауданының Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2022 жылғы «Бұланды ауданының Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  2. мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
  4. мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына сәйкес «Никольск селолық округі әкімініңаппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.

 Мемлекеттік мекеме бес  түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. 1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет жеке және заңды  тұлғаларға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны:  қағаз түрінде көрсетіледі.2022 жылы мемлекеттік  мекеме арқылы 2 қызмет көрсетілген.

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер учаскесін тандау актісі келісілген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: элетрондық және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі.

2022  жылы мемлекеттік  мекеме арқылы 1 қызмет көрсетілген.

  1. 3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру беру» «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру беру»  мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 2022 жылы өтініштер түскен жоқ.
4. «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату». Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2022жылы өтініштер түскен жоқ.
  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 2022  жылы өтініштер түскен жоқ.
  1. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».

2022 жылы  қызмет көрсетілмеген.

 

“E-gov”  өзіндік қызмет көрсету пункті бойынша 311 қызмет көрсетілді.

2022 жылы 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан  «Бұланды ауданының Никольск ауылдық округі әкімінің  аппараты» ММ-не шағымдар түскен жоқ.

 

Байланыс мәліметтері: Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты, Никольск ауылы, Советская 5А көшесі, телефон нөмірі: 6-10-70

Қабылдау демалыс пен мейрам күндерімен басқа жұмыс күндері сағат 09.00-ден кешкі 18.30-ге дейін жүргізіледі, түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

 

 

Никольск ауылдық  округінің әкімі                               Шахатова Ж.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

04 марта 2026
Қалай дауыс беруге болады?
14 марта 2024
Ескертулерді назарға алыңыз!
Ақпарат
11 марта 2024
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттар негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және 2024 жылғы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы