Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы «Бұланды ауданының Қараөзек ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

2022 жылғы «Бұланды ауданының Қараөзек  ауылдық  округінің әкімі аппараты» ММ мемлекеттік  қызмет көрсету саласындағы  қызметі туралы  есебі

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

1.көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

2.мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

3.мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

4.мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

5.мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

6.мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңына сәйкес «Бұланды ауданының Қараөзек ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.

 Мемлекеттік мекеме алты түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер учаскесін тандау актісі келісілген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: элетрондық және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі.

2022 жылы өтініш түскен жоқ

  1. 2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру беру»

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру беру»  мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

2022 жылы өтініш түскен жоқ.

  1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» (бірінші кезен.)

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрінде.

2022 жылы-6қызмет «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілген.

2 қызмет жер учаскесін беруден бас тарту

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу». (екінші кезен)

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондықтүрінде.

2022 жылы-2қызмет «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілген.

  1. «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату»

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2022 жылы өтініш түскен жоқ.

  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

  1. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»

          2022 жылы өтініш түскен жоқ.

Е-gov қолжетімділік бұрышы арқылы 37 қызмет көрсетілді.

Қараөзек  ауылдық округ ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық мәлімет стендтерде орналасқан және интернет-ресурс беттерінде  жарияланады.

Қараөзек ауылдық  округі әкімі аппаратының барлық мамандары әр үш жыл сайын біліктілігін арттыру курстарынан өтіп тұрады. 2020 жылғы 4-6 ақпан аралығында  бас маман Н.Н. Жумабаев «Мемлекеттік қызметтердің сапасын басқару» тақырыбы бойынша  біліктілігін арттыру курсын өтті. 2020 жылғы 30 маусымда ауылдық округ әкімі және бас маман онлайн-форматта ZOOM  платформасы арқылы мемлекеттік қызметтер бойынша техникалық оқуды өтті.

2022 жылы 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан  «Бұланды ауданының Қараөзек  ауылдық  округі әкімі аппараты» ММ-не шағымдар түскен жоқ.

Ақпарат байланысы: «Бұланды ауданының Қараөзек  ауылдық  округі әкімі аппараты» ММ, Қараөзек  ауылы, Б. Шолака   көшесі № 13 телефон нөмірі: 38-4-83.

Қабылдау демалыс пен мейрам күндерінен басқа жұмыс күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден кешкі 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс.

 

 

Қараөзек  ауылдық округінің  әкімі                                    М. Хамзин

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

04 марта 2026
Қалай дауыс беруге болады?
14 марта 2024
Ескертулерді назарға алыңыз!
Ақпарат
11 марта 2024
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттар негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және 2024 жылғы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы