Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы «Бұланды ауданының Капитоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

2022 жылғы «Бұланды ауданының Капитоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.
          Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiніне көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
         2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес «Бұланды ауданының Капитоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.

 Мемлекеттік мекеме алты түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1.
«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтті көрсету нысаны: элетрондық (жарым-жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі.
2022 жылы өтініш түскен жоқ.
2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру беру»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жарым-жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
2022 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 1 қызмет көрсетілді.
3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
Мемлекеттік қызмет тегiн көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
2022    жылы 1 қызмет көрсетілді, жер учаскесін беруден бас тарту.
4. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»
Мемлекеттік қызмет тегiн көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
2022 жылы өтініш түскен жоқ.
5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
Мемлекеттік қызмет тегiн көрсетіледі».
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
2021 жылы өтініш түскен жоқ.

  1. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»
    Мемлекеттік қызмет тегiн көрсетіледі.
    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
    2022 жылы өтініш түскен жоқ.
    E-gov қолжетінділік бұрышы арқылы 80 қызмет көрсетілді.
    Капитоновка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық мәлімет стендтерде орналастырылды және аудандық «Бұланды ақпарат» газетінде жарияланды: № 29 2022 жылғы 29 шілде. «Мемлекеттік қызмет алушыларға». № 36 2022 жылғы 16 қыркүйек. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру беру». Facebook және инстаграмм әлеуметтік желілерінде Капитоновка ауылдық округі әкімінің ресми парақшасында 2022 жылы мемлекеттік қызмет туралы 24 мақала жарияланды.
             2020 жылдың 4-6 ақпан аралығында  Капитоновка ауылдық  округінің  маманы «Мемлекеттік қызметтің сапасын басқару» біліктілігін жетілдіру курсына қатысты.

2020 жылдың  30 маусымында әкім мен бас маман мемлекеттік қызмет көрсету бойынша техникалық  оқытудан өтті.
          2022 жылы мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан  «Бұланды ауданының Капитоновка ауылдық округі әкімінің  аппараты» ММ-не шағымдар түскен жоқ.
Байланыс ақпараты:

«Бұланды ауданының Капитоновка ауылдық округі  әкімінің аппараты» ММ, Капитоновка ауылы, Достық  көшесі № 50 телефон нөмірі: 8 (71646) 32-1-37.
         Қабылдау апта сайын жұма күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін — түскі үзіліс.
 

Капитоновка ауылдық округінің  әкімі                                    З.Янкова

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

04 марта 2026
Қалай дауыс беруге болады?
14 марта 2024
Ескертулерді назарға алыңыз!
Ақпарат
11 марта 2024
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттар негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және 2024 жылғы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы