Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жоғарылату - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және мемлекеттік органдар қызметіне азаматтардың сенімін жоғарылатудың басты аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiніне көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына сәйкес «Бұланды ауданының Вознесенка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып саналады.
Мемлекеттік мекеме алты түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтті көрсету нысаны: элетрондық (жарым-жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі.
2022 жылы өтініш түскен жоқ.
2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру беру»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жарым-жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
2022 жылы өтініш түскен жоқ.
3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
Мемлекеттік қызмет тегiн көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
2022 жылы 10 қызмет көрсетілді.
4. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»
Мемлекеттік қызмет тегiн көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
2022 жылы өтініш түскен жоқ.
5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
Мемлекеттік қызмет тегiн көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
2022 жылы өтініш түскен жоқ.
E-gov қолжетінділік бұрышы арқылы 136 қызмет көрсетілді.
Капитоновка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық мәлімет стендтерде орналастырылды және аудандық «Бұланды ақпарат» газетінде жарияланды. Facebook және инстаграмм әлеуметтік желілерінде Вознесенка ауылдық округі әкімінің ресми парақшасында 2022 жылы мемлекеттік қызмет туралы 20 мақала жарияланды.
2022 жылы мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан «Бұланды ауданының Вознесенка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не шағымдар түскен жоқ.
Байланыс ақпараты:
«Бұланды ауданының Вознесенка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Вознесенка ауылы, Мира көшесі № 15, телефон нөмірі: 8 (71646) 36-1-11.
Қабылдау апта сайын жұма күндері жүргізіледі, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін — түскі үзіліс.
Вознесенка ауылдық округінің әкімі Ю.Сироткина