Меню

Страницы

Статья

Есеп Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы 2022 жылға арналған «Алтынды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Есеп Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы

2022 жылға арналған «Алтынды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. көрсетілетін қызметті алушыларға шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қолжетімділік;
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре сарсаң көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;
  4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

«Алтынды ауылдық округі әкімінің аппараты»  ММ   «Мемлекеттік қызметтер туралы»  Қазақстан Республикасының 15.04.2013 жылғы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме бес Мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»

 Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі

Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2022 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2022 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.

2022 жылы мемлекеттік орган арқылы 4 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  1. «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.

2022 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. «Жер учаскесін алуға кезекке қою»

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.

2020 жылы өтініштер түскен жоқ.

  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

2022 жылы өтініш түскен жоқ.

Е-gov қол жеткізу бұрышы арқылы 23 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Алтынды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ақпараттық стендінде, әлеуметтік желілерде қоғамдық орындарда орналастырылған, сондай-ақ аудандық «Баланды а енпарат» газетінде жарияланады.

«Алтынды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мамандары үш жыл сайын кестеге сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан «Алтынды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне шағымдар түскен жоқ.

Байланыс ақпараты:

Алтынды ауылы, Т. Кәкішев көшесі, 14, «Алтынды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, телефон нөмірі: 8 (71646) 34-4-48.

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

04 марта 2026
Қалай дауыс беруге болады?
14 марта 2024
Ескертулерді назарға алыңыз!
Ақпарат
11 марта 2024
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттар негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және 2024 жылғы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы