2022 жыл бойынша Бұланды ауданы әкімдігі уәкілетті органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № №88-V Заңын және бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
Бұланды ауданында мемлекеттік қызметтерді аудан әкімінің аппараты, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің аппараттары, 8 дербес бөлім, жұмыспен қамту орталығы көрсетеді.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
2022 жылы Бұланды ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтің 66 түрі көрсетілді, оның ішінде ақылы негізде 8 мемлекеттік қызмет, 58 тегін негізде.
|
№ |
Атауы |
Мемлекеттік қызметтердің саны |
|
1. |
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында |
22 |
|
2. |
Жер қатынастары саласында |
11 |
|
3. |
Ауыл шаруашылығы саласында |
4 |
|
4. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында |
11 |
|
5. |
Сәулет және қала құрылысы саласында |
3 |
|
6. |
Дене шынықтыру және спорт саласында |
1 |
|
7. |
Құрылыс саласында |
2 |
|
8. |
Әскери қызмет саласында |
2 |
|
9. |
Экономика және қаржы саласында |
1 |
|
10. |
Басқа мемлекеттік қызметтер |
9 |
2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 7202 құрады, 2021 жылы 6402 қызмет оның ішінде:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы -2036, 2021 жылы 1667 қызмет;
- электрондық түрде барлығы – 3562, 2021 жылы 3658 қызмет («электрондық үкімет» порталы, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері);
- қызмет берушілер арқылы – 246, 2021 жылы 1077 қызмет қызмет.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
2022 жылы неғұрлым сұранысқа ие қызметтер:
- «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» - 899, 2021 жылы 897 қызмет;
- «Жұмыссыздарды тіркеу» -294, 2021 жылы 201 қызмет;
- «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» - 2022 жылы - 871, 2021 жылы 754 қызмет қызмет;
- «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 2022 жылы - 441, 2021 жылы 691 қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызметтер көрсетуiне қойылатын талаптар және оларды көрсету тәртiбi мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiде айқындалады.
Барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараттары бар стендтер орналастырылған (ережелер, стандарттар, өтініштердің үлгілері және т.б.).
Бұланды ауданының ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету жөнінде мақалалар әлеуметтік желілерде, баспасөз беттерінде жарияланады. 2022 жыл бойынша тұрғындары қамту 100% құрады.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізіледі..
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:
- 8 баннер орналастырылды;
- жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен 10 тікелей эфир өткізілді;
- бұқаралық ақпарат құралдарында 415 түсiндiру материалдары жарияланды («BULANDY AGPARAT» аудандық газетінде – 52, әлеуметтік Facebook – 99, Instagram - 316 әлеуметтік желілерінде);
- мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін қараумен әкімдіктің 6 отырысы, Қоғамдық кеңестің 4 отырысы өткізілді;
- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» КЕАҚ филиалымен бірлесіп, қызмет көрсетушілермен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қатысты 3 кеңес өткізілді.
Бұланды ауданында 2019 жылы «Сервистік әкімдік» ашылды. Тұрғындардың электрондық мемлекеттік қызметтерді алуы және ыңғайлы болуы үшін «Сервистік әкімдікте» қажетті техникамен жабдықталған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған.
Сондай-ақ, қала, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері аппараттарында, мемлекеттік қызмет көрсететін дербес бөлімдерінде 13 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар, халыққа электрондық мемлекеттік қызмет алу үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридждермен жабдықталған 14 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақмола облысы әкімінің аппаратына жолданады.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтарын қарастырумен Қоғамдық кеңестің 4 отырысы өткізілді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қажеттілігіне қарай Ақмола облысы әкімінің аппаратына жіберіледі.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету Ережелерін бұзуды алдын алу бойынша шаралар қабылдау бойынша жұмыс жалғасуда. 2021 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдардың болмауы дәлел.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2022 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 5 бақылау іс-шарасы өткізілді. Ішкі бақылаумен келесі ұйымдар қамтылды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
Бақылау іс - шаралар барысында 6 ұсыныс шығарылып, олардың 100% орындалды.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2022 жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жоғары тұрған мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету саласында бақылау іс-шаралары жүргізілген жоқ.
«Мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етудің кешенді көрсеткіші» негізгі нысаналы индикаторын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:
Бұланды ауданы әкімдігінің қызметі туралы 2021 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар bulandy_usl@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.