Меню

Страницы

Статья

Бұланды ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-нің 2022 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

Бұланды ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-нің 2022 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз алушыларға қызметтерге тең қол жеткізу;
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре сарсаң көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;
  4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

Бұланды ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.

Мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:

  1. "Жұмыс іздеушілерді тіркеу"

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

2022 жылы — 899 қызмет көрсетілді, оның 228-і "электрондық үкімет" порталы арқылы, 671-і көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы.

  1. "Жұмыссыздарды тіркеу"

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.

2022 жылы – 299 қызмет көрсетілді, оның 186-сы "электрондық үкімет" порталы арқылы, 113-і көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы.

3."Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру"

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.

2022 жылы – 273 қызмет көрсетілді, оның 0 "электрондық үкімет" порталы арқылы, 273-і көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы.

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

2022 жылы — 117 қызмет көрсетілді, оның 81-і "электрондық үкімет" порталы арқылы, 36-сы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы. Электрондық түрде берілген 24 дәлелді бас тарту, қағаз түрінде берілген 5 дәлелді бас тарту

5."Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру"

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық.

2022 жылы өтініштер түскен жоқ.

6."Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру "

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық.

2022 жылы өтініштер түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Бұланды ауданы әкімдігінің "халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ ақпараттық стендінде, әлеуметтік желілерде орналастырылған.

 

                               Байланыс ақпараты:

 

Макинск қ., Некрасов к-сі, 19, Бұланды ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ, телефон нөмірлері: 8 (71646) 2-16-02

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

 

Директор                                                                                            Р. Тулебаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

04 марта 2026
Қалай дауыс беруге болады?
14 марта 2024
Ескертулерді назарға алыңыз!
Ақпарат
11 марта 2024
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттар негізінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген және 2024 жылғы мониторингке жататын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы