Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы 2022 жылғы есеп
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 15.04.2013 жылғы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Мемлекеттік мекеме 12 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық және қағаз түрі.
2022 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 98 қызмет көрсетілді. Олардың ішінде:
- 94 Мемлекеттік қызмет-мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;
- 2 мемлекеттік қызметтер – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру;
- 2 мемлекеттік қызметтер – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру.
Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ көрсететін мемлекеттік қызмет туралы ақпарат ақпараттық стендте, әлеуметтік желілерде қоғамдық орындарда орналастырылған, сондай-ақ аудандық «Бұланды ақпарат» газетінде жарияланады.
2022 жыл ішінде аудандық «Бұланды ақпарат» газетінде мақалалар жарияланды, сондай-ақ әлеуметтік желіде (Instagram) мемлекеттік қызметтер тақырыбында жарияланымдар болды.
Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ барлық мамандары Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында үш жыл сайын кестеге сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Байланыс ақпараты:
Макинск қ., Некрасов көшесі 19, Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тел. 2-37-57.
Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Бұланды ауданының
Бұланды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі,
автомобиль жолдары және тұрғын үй
инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысының м. а. А. Есимов